О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима сельского округа имени Шыганака Берсиева от 14 декабря 2017 года № 26 «Об установлении ограничительных мероприятий» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын алу және Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2019 жылғы 05 ақпандағы № 2-13/19 ұсынысы негізінде, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ірі қара және ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі Қаратал ауылы аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
Тармақ 2
2. Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 «Шектеу іс - шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5778 тіркелген, 2017 жылдың 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.