О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 февраля 2018 года № 182 «Об утверждении Правил ведения таможенной статистики внешней торговли товарами Республики Казахстан с государствами, не являющимися членами Евразийского экономического союза» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен арадағы тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен арадағы тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16460 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 23-бабының 3-тармағына, сондай-ақ 2017 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартының 360-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен арадағы тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен арадағы тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Кеден органдары Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен арадағы тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының тәртібін айқындайды.»; 2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «2) техникалық қолдау қызметінің операторы – цифрлық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген тұлға; 3) цифрлық жүйе – қызмет көрсететін персоналдың цифрлық технологияларының және статистикалық деректер базасын және Қазақстан Республикасы сыртқы сауда статистикасының қорытынды көрсеткіштерін қалыптастыру үшін арналған құжаттамалардың жиынтығы.»; 7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Цифрлық жүйе мынадай:»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Комитеттің техникалық қолдау қызметінің операторы процестер тізбегінің аспабын пайдалана отырып цифрлық жүйеге деректерді жүктеуді жүзеге асырады.»; 10-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне техникалық қолдау қызметінің операторы өтінімнің негізінде есепті жылдың басынан бастап деректерді өзектендірумен цифрлық жүйеге деректердің жүктеуін жүзеге асырады;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 12-і күніне Комитеттің жауапты тұлғаларын хабардар ете отырып түзетілген деректердің цифрлық жүйеге қайта жүктеуін жүргізеді.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Жауапты тұлға ай сайын есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 14-нен 28-не дейін цифрлық жүйенің «Интернетке есептерді жариялау» кіші жүйесінде осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша сыртқы сауда статитикасын қалыптастырады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.