О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 февраля 2018 года № 188 «Об утверждении Правил проведения таможенных досмотра и осмотра» Қолданыста
Басқа 0
«Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16464 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларында:
4-тармақта:
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің іске қосылған тәуекел бейіндері, не жөнелтуші кеден органы инспекциялық жете тексеру кешенін (бұдан әрі – ИЖТК) қолданумен жүргізген кедендік бақылаудың нәтижесі бойынша басып шығарылған рентген суретінің оң жақ бетіне «ИЖТК бақылауы, күдікті» деген мөртаңба қойылуы және/немесе мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйелеріне кедендік жете тексеруді жүргізуді қажет ететін мәліметтердің енгізілуі кедендік жете тексеруді (қарап-тексеруді) жүргізу үшін негіздеме болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кедендік жете тексеруді (қарап-тексеруді) жүргізу туралы шешім кедендік жете тексеруді (қарап-тексеруді) жүргізуге уәкілетті лауазымды тұлғаның (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды тұлға) қызметтік жазбасы негізінде кедендік жете тексеруді (қарап-тексеруді) жүргізуге уәкілетті құрылымдық бөлімшенің не мемлекеттік кірістер органының басшысымен (олар болмаған жағдайда алмастыратын тұлғамен) қабылданады.»;
екінші бөлігінің 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жөнелтуші кеден органы ИЖТК қолданумен жүргізген кедендік бақылаудың нәтижесі бойынша басып шығарылған рентген суретінің оң жақ бетіне қойылған «ИЖТК бақылауы, күдікті» деген мөртаңбаның, және/немесе мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйесінде кедендік жете тексеруді жүргізудің қажеттігі туралы мәліметтердің болуы;»;
7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің ұсынымдары болған кезде, (кедендік бақылаудың) тәуекелдерді болдырмау және (немесе) барынша азайту жөніндегі шараларды қолдану туралы хабарлама басып шығарылады және беріледі не цифрлық жүйе арқылы жолданады.»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Егер мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйесі, цифрлық жүйе арқылы кедендік жете тексеру (қарап-тексеру) актілерін тіркеуді жүргізуге мүмкіндік берген жағдайда, қағаз түрінде Тіркеу журналын жүргізу талап етілмейді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.