О внесении изменений в решение Акжаикского районного маслихата от 14 мая 2018 года № 19-1 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества на территории сельских округов Акжаикского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақжайық аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы № 19-1 «Ақжайық ауданының ауылдық округтері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақжайық аудандық мәслихатының «Ақжайық ауданының ауылдық округтері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 14 мамырдағы № 19-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5201 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Ақжайық ауданының ауылдық округтері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде 4-тармақта: тоғызыншы абзацтың қазақша мәтініне өзгеріс енгізілмейді, орысша мәтініне өзгеріс енгізіледі; оныншы абзац алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.