О внесении изменения в решение Курчатовского городского маслихата от 14 сентября 2018 года № 24/191-VI «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Курчатов» Күшін жойған
Басқа 0
Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 24/191-VI «Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 24/191-VI «Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-3-130 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Курчатов қаласының тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу қағидасының 4-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.