О внесении изменения и дополнения в решение акима Кегенского района от 14 декабря 2018 года № 25 «Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов в Кегенском районе» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Кеген ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 25 Кеген ауданы әкімінің шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Кеген ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Кеген ауданы әкімінің «Кеген ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 25 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4973 тіркелген, 2019 жылдың 03 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: шешімнің қосымшасының 5-тармағы алынып тасталсын; шешімнің қосымшасының 3-тармағының екінші абзацы «Темірлік ауылы» сөзімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Исаев Медет Шайткановичқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелеген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариаланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.