О признании утратившими силу постановлений акимата Амангельдинского района Костанайской области от 14 мая 2018 года № 47 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Амангельдинского района» и от 7 июня 2021 года № 109 «О внесении изменение в постановление акимата от 14 мая 2018 года № 47 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Амангельдинского района» Қолданыста
Басқа 0
«Амангелді ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» 2018 жылғы 14 мамырдағы № 47 және «Әкімдіктің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 47 «Амангелді ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы 7 маусымдағы № 109 Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Амангелді ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 47 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7815 болып тіркелген) қаулысы;
Тармақша 2
2) «Әкімдіктің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 47 «Амангелді ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 маусымдағы № 109 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22989 болып тіркелген) қаулысы.
Тармақ 2
2. «Амангелді ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.