О внесении изменение в постановление акимата от 14 мая 2018 года № 47 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Амангельдинского района» Күшін жойған
Басқа 0
Әкімдіктің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 47 «Амангелді ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің «Амангелді ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» 2018 жылғы 14 мамырдағы № 47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7815 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
орыс тіліндегі 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 2
2. «Амангелді ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.