О внесении изменений в постановление акимата от 14 марта 2018 года № 90 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Тарановского района» Күшін жойған
Басқа 0
Әкімдіктің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 90 «Таран ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Жарлығына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің «Таран ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» 2018 жылғы 14 наурыздағы № 90 қаулысына (2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7684 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейімбет Майлин ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының кіріспесінде «Таран ауданының әкімдігі» сөз тіркесі «Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі» деп ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 1-тармағында «Таран ауданының» сөз тіркесі «Бейімбет Майлин ауданының» деп ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 2-тармағында «Таран ауданы әкімдігінің» сөз тіркесі «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің» деп ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейімбет Майлин ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі».
Тармақ 2
2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.