О внесении дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 14 февраля 2019 года № 14 «Об утверждении Правил разработки, утверждения планов развития контролируемых государством акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, государственных предприятий, мониторинга и оценки их реализации, а также разработки и представления отчетов по их исполнению» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығына толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18328 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 наурызда «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары: мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: «8-1. Төтенше жағдай енгізілген кезде осы Қағидаларда көрсетілген талаптарды орындау мерзімі тоқтатыла тұрады және төтенше жағдайдың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қайта жаңартылады. Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде қажет болған жағдайда, бекіту органының шешімі негізінде ұйымның даму жоспарын нақтылау жүзеге асырылады және ұйымның атқарушы органының шешімімен даму жоспарына берілген қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткіштерінің есептемелеріне түзету жүргізіледі. Бірыңғай оператор тізілім веб-порталында ұйымдардың нақтыланған жартыжылдық даму жоспарының көрсеткіштеріне және даму жоспарына берілген қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткіштерінің есептемелеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді.».
Тармақ 2
2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.