О внесении изменения в решение Мартукского районного маслихата от 14 мая 2019 года № 265 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Мартукском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Мәртөк аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 мамырдағы № 265 «Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәртөк аудандық мәслихатының «Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2019 жылғы 14 мамырдағы № 265 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6153 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
12-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«9) телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген, Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.