О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 апреля 2020 года № 88 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры республиканского значения» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 88 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20397 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жызылсын: «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 47-1-жолмен толықтырылсын: « 47-1. Сәулеттік-мемориалдық монумент, 2004 жыл монументтік өнер құрылысы Бурабай кенті, Абылай хан алаңқайы »; « Барлығы: 4 тарих және мәдениет ескерткіштері (3 - қала құрылысы және сәулет, 1 - монументтік өнер құрылысы) » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Барлығы: 5 тарих және мәдениет ескерткіштері (3 - қала құрылысы және сәулет, 2 - монументтік өнер құрылысы) »; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 167-1-жолмен толықтырылсын: « 167-1. Төлегетай-Қылышты ата кесенесі, ХІ-ХІІ ғасырлар, 2008 жылы кесене салынған киелі объекті Жаңақорған ауданының Қыркеңсе ауылынан оңтүстікке қарай 7 км »; « Барлығы: 30 тарих және мәдениет ескерткіштері (10 - қала құрылысы және сәулет, 1 - монументтік өнер құрылысы, 10 - киелі объекті, 2 - ансамбльдер мен кешендер, 7 - археология) » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Барлығы: 31 тарих және мәдениет ескерткіштері (10 - қала құрылысы және сәулет, 1 - монументтік өнер құрылысы, 11 - киелі объекті, 2 - ансамбльдер мен кешендер, 7 - археология) »; реттік нөмірі 205-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 205. Тәуке хан кесенесі, авторы белгісіз, XIV-XVII ғасырлар қала құрылысы және сәулет Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 40 м »; мынадай редакциядағы реттік нөмірлері 229-1, 229-2 және 229-3-жолдармен толықтырылсын: « 229-1. Ордабасы қорымы, VІІ-ХІІ ғасырлар археология Ордабасы ауданының Бадам ауылынан шығысқа қарай 2 км 229-2. Әлқожа ата кесенесі, ХІІ ғасыр қала құрылысы және сәулет Түркістан қаласы, Ә. Тұтқабаев көшесі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен шығысқа қарай 2,5 км 229-3. Жүсіп ата кесенесі, ХІІ-XV ғасырлар қала құрылысы және сәулет Сауран ауданының Ескі Иқан ауылы »; « Барлығы: 31 тарих және мәдениет ескерткіштері (24 - қала құрылысы және сәулет, 7 - археология) » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Барлығы: 34 тарих және мәдениет ескерткіштері (26 - қала құрылысы және сәулет, 8 - археология) ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.