О внесении изменения в решение Актауского городского маслихата Мангистауской области от 14 апреля 2021 года № 2/16 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актау» Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі №2/16 «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін мен тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 14 сәуірдегі №2/16 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4495 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысының үш пайызы мөлшерінде, ал жалғызілікті зейнеткерлер, барлық топтағы мүгедектігі бар адамдар және ерлі-зайыптылар үшін бір пайызы мөлшерінде белгіленеді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.