О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 апреля 2021 года № 339 «Об утверждении порогового значения коэффициента налоговой нагрузки за последние три года на день регистрации заявления в уполномоченном органе» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 339 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 339 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22548 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Салық жүктемесі коэффициентінің орташа салалық мәнінің есебі «Салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 620 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №37218 болып тіркелген) бекітілген салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларының 3 және 4-тармақтарына сәйкес айқындалатындығы белгіленсін. Бұл ретте салықтық жүктеменің орташа салалық коэфициенті мәнінің есебі әрбір күнтізбелік жыл үшін жеке жүргізіледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.