О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2021 года № 882 «Об утверждении перечня отдельных видов товаров, в отношении которых применяется минимальный уровень цен» Күшін жойған
Басқа 0
«Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 444-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген өздеріне қатысты төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ ерте дегенде 2025 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2024 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2021 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 882 қаулысымен
бекітілген
Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесі
Р/с №
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды*
Тауардың атауы
1
2
3
1
2207 10 000 0
спирт концентрациясы 80 көлемдік % немесе одан жоғары денатуратталмаған этил спирті
2
2208 20 120 0
сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз құтыларда жүзім шарабын дистиляциялау немесе жүзімді сығу нәтижесінде алынған спиртті тұнба, коньяк (Cognac)
3
2208 60 110 0
сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз құтылардағы спирт концентрациясы 45,4 көлемдік % немесе одан кем арақ
4
2208 90 990 0
сыйымдылығы 2 литрден астам ыдыстардағы спирт концентрациясы 80 көлемдік %-дан аз денатуратталмаған этил спирті
5
0407 21 000 0
құс жұмыртқасы, қабықтағы, жаңа, үй тауықтарының (Gallus domesticus)
6
1101 00 150
жұмсақ бидайдан және спельтадан алынған бидай ұны
7
1001 19 000 0
қатты бидай, өзгелері
8
1001 99 000 0
бидай, өзгелері
1
2
3
9
1512 19 900 2
өзге күнбағыс майлары және оның фракциялары нетто-көлемі 10 литр немесе одан аз бастапқы қаптамада
10
2102 10 310 0
белсенді наубайхана ашытқысы, құрғақ
11
2102 10 390 0
белсенді наубайхана ашытқысы, өзгелері
Ескертпе:
*Ең төмен бағалар деңгейін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген.
______________________________