О внесении дополнения в постановление акимата района Аққулы от 14 апреля 2022 года № 1-03/78 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ района Аққулы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 1-03/78 «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 1-03/78 «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 166617) келесі толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде (бұдан әрі -Ереже): Ереженің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қармағында ұйым бар: «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»; 24 -тармақтың 3) тармағы келесі редакцияда жазылсын; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақ 2
2. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органына хабардар етсін; осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін; осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала және экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.