О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Нур-Султан от 14 сентября 2022 года № 1-2553 «Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях города Нур-Султан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Нұр-Сұлтан қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 1-2553 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Нұр-Сұлтан қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 1-2553 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулының атауы жаңа редакцияда жазылсын: «Астана қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы»; көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Астана қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер осы қаулыға қосымшада сәйкес белгіленсін.»; қосымшаның атауы жаңа редакцияда жазылсын: «Астана қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер»; көрсетілген қаулыға қосымшада: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: « 3 3. Есіл өзені «Оазис» орталық жағажайы «Нұра» ауданы, орталық елордалық саябақ ». мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: « 5. Есіл өзені «Армина» орталық жағажайы «Алматы» ауданы, «Күйгенжар» тұрғын алабы ».
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жариялғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.