О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2022 года № 188 «Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания Министерства культуры и спорта Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28823 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібін белгілейді.»;
орыс тіліндегі 2-тармақ мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тікелей шығындар мемлекеттік тапсырманы жүргізуге байланысты мынадай шығыстарды:
1) салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды;
2) тікелей шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді;
3) өндірістік персоналдың, сондай-ақ шақырылған адамдардың іссапар шығыстарын;
4) техникалық қадағалау бойынша инженерлік қызметтер, авторлық және сабақтас құқықтар бойынша шығыстарын;
5) тауар-материалдық қорларды (жанар-жағармай материалдарын, шаруашылық материалдарын, кеңсе керек-жарақтарын, дәрі-дәрмектерді, оқу процесін жүзеге асыруға арналған материалдарды) сатып алуды;
6) байланыс, интернет қызметтеріне, пошта қызметтері, смс-тарату, хостинг алаңы;
7) жалға алу бойынша қызметтерді;
8) веб-сайтты, веб-платформаларды әзірлеуге, доменді және хостингті жалға алуға және оларды техникалық сүйемелдеуге және техникалық қолдауға арналған шығыстар;
9) мемлекеттік тапсырма шеңберінде іс-шараларды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін;
10) өндірістік үй-жайлардың коммуналдық қызметтерін;
11) шетелдік іссапарлар кезіндегі өмірді сақтандыру;
12) өкілдік шығыстар;
13) дизайнер және типография қызметтер;
14) көлік және логистикалық қызметтер;
15) зияткерлік меншікке авторлық және лицензиялық құқықтарды сатып алуды;
16) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, форумдар және басқа да осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
17) білім беру курстарын, семинар-тренингтерді, білім беру іс-шараларын, тікелей эфирлерді ұйымдастыру және өткізу;
18) жобаларды ақпараттық жария ету жөніндегі қызметтерді;
19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетілетін білім алушыларға әлеуметтік көмек беру;
20) мектеп-интернаттарда оқитын, дарынды балаларға арналған тамақтандыру қызметтерін;
21) іс-шаралардың бейне мазмұнын жасау бойынша қызметтерді;
22) визалық қолдау көрсету жөніндегі қызметтерді қамтиды.»;
12-тармақ алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі