О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 14 ноября 2022 года № 896 «Об утверждении Правил и сроков организации наставничества для лиц, впервые поступающих в органы внутренних дел»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 14 ноября 2022 года № 896 «Об утверждении Правил и сроков организации наставничества для лиц, впервые поступающих в органы внутренних дел»
- Атауы (қаз.)
- «Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 896 бұйрығына» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 418
- Қабылданған күні
- 21.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2024 197122_701710.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034421
- ЭКБ идентификаторы
- 197122
- Редакция идентификаторы
- 197122_701710
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:28
0 «Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2022 жылғы 14 қарашадағы № 896 бұйрығына»
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 896 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 қарашада № 30549 болып тіркелген) мынадай өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметкерді тәлімгер ретінде бекіту ІІО уәкілетті басшысының бұйрығымен алты ай мерзімге жүргізіледі.»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) ІІО-на алғаш кірген адамдардың кәсіби қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін тәлімгер «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 55-бабына сәйкес көтермеленеді.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Тәлімгерді ауыстыру ІІО уәкілетті басшысының бұйрығымен мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) ІІО-нан тәлімгерді жұмыстан шығару;
2) Тәртіптік жазамен атқарып отырған лауазымнан босату;
3) Тәлімгерді ІІО-ның басқа бөліністеріне немесе өзге де ведомстволарға ауыстыру (іссапарға жіберу);
4) Тәлімгерді қызмет ерекшеліктерінің өзгеруіне байланысты басқа лауазымға ауыстыру;
5) Елеулі теріс қылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жағдайда.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Бөлініс бастығы ай сайын тәлімгердің қызметіне есептік бақылау жүргізеді:
1) ІІО-ға алғаш кіретін адамның қызмет барысындағы және тұрмыстық қатынастардың түрлі мәселелері бойынша тәлімгерді тыңдайды;
2) тәлімгерге оқытуды ұйымдастыруда, тәлімгерлік жұмыстың оң тәжірибесімен алмасуда және таратуда әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;
3) тәлімгер мен ІІО-ға алғаш кіретін адам арасындағы жанжалды жағдайларды, қызметтік жағдайды теріс пайдалану, қызметтік тәртіпті бұзу, қызметте, тұрмыста, қоғамдық орындарда лайықсыз мінез-құлық көрсету фактілерін қарайды.»;
Көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе: жоспарланған іс-шаралар ІІО-на алғаш кіретін адамды кәсіптік бейімдеуде практикалық көмек көрсетуге бағытталған».
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.