О внесении изменений в решение маслихата от 14 ноября 2023 года № 106 «Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки села Камысты и населенных пунктов Камыстинского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2023 жылғы 14 қарашадағы № 106 «Қамысты ауданы елді мекендерінің және Қамысты ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Қамысты ауданы елді мекендерінің және Қамысты ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қарашадағы № 106 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10085 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 3 - қосымшасындағы «Ауыл шетінің Солтүстік-батыс бөлігінен ауылдың Орталық бөлігіне дейін Құдайқұлов, Парковая, Ленин және Школьная көшелерінен (001), ауыл шетінің Батыс бөлігінен ауылдың Орталық бөлігіне дейін Құдайқұлов, Коммунальная, Свердлов, Ленин, Школьная және Гумилев көшелерінен (002), ауылдың Орталық бөлігі Школьная және Гумилев көшелерінен (003)» жолы жаңа редакцияда жазылсын: «Ауыл шетінің Солтүстік-батыс бөлігінен ауылдың Орталық бөлігіне дейін Құдайқұлов, Парковая, Тәуелсіздік және Школьная көшелерінен (001), ауыл шетінің Батыс бөлігінен ауылдың Орталық бөлігіне дейін Құдайқұлов, Коммунальная, Свердлов, Тәуелсіздік, Школьная және Гумилев көшелерінен (002), ауылдың Орталық бөлігі Школьная және Гумилев көшелерінен (003)».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.