О внесении дополнения в постановление акимата района от 14 сентября 2023 года № 233 «Об утверждении положений о государственных учреждениях акимата района Беимбета Майлина и аппаратов акимов сельских округов, поселка Тобол района Беимбета Майлина» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері және Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары туралы Ережелерді бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 233 қаулысына толықтыру енгізу туралы Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері және Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары туралы Ережелерді бекіту туралы» Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 233 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже» 7 қосымшасында: 15-тармақ келесі мазмұндағы азат жолдармен толықтырылсын: « - үй жануарларын жаю не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын жаюға арналған орындарды жабдықтау; - жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру; - қараусыз қалған жануарларының санын реттеу бойынша іс-шараларды жүргізу; - тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастыру, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асыру. ».
Тармақ 2
2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.