О внесении изменения в постановление акимата района Беимбета Майлина от 14 сентября 2023 года № 233 «Об утверждении положений о государственных учреждениях акимата района Беимбета Майлина и аппаратов акимов сельских округов, поселка Тобол района Беимбета Майлина» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері және Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары туралы Ережелерді бекіту туралы» Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 233 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері және Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары туралы Ережелерді бекіту туралы» Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 233 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже» 4 қосымшасында: 15-тармағындағы 6) тармақшасы жойылсын.
Тармақ 2
2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін оны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.