О внесении дополнения в постановление акимата города Алматы от 14 сентября 2023 года № 3/496 «Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения» Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы әкімдігінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/496 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/496 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1738 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыруда:
келесідей мазмұндағы реттік нөмірлері 30 және 31 жолдарымен толықтырылсын:
«
30.
«Lugat» жеке кәсіпкері
Алматы қаласы, Алатау ауданы, Самғау шағын ауданы, Ырысты көшесі, 46/2а мекенжайында орналасқан «Строй Сити Бақорда» сауда орталығының №26 бутигі
31.
«Иманбетов» жеке кәсіпкері
Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Солтүстік айналым көшесі, 7 мекенжайында орналасқан «Байсат» сауда орталығының 14 қатары, №10 бутигі
».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.