О внесении изменений и дополнений в решение Мактааральского районного маслихата от 14 сентября 2023 года № 6-42-VIII «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
Мақтаарал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 6-42-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №6-42-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6344-13 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасымен бекітілген қағиданың 6-тармағының 3) тармақшасына келесі редакцияда мазмұндалсын:
«оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанда ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасымен бекітілген қағиданың 7-тармағы төмендегі тармақшалармен толықтырылсын:
Тармақша 11
«11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға – бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 12
12) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға – бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.