О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 14 мая 2024 года № 273/НҚ «Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом специального права акционерным обществом «Национальные информационные технологии» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Арнайы құқық субъектісі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 273/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 273/НҚ ««Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ведомстволық бағынысты ұйымдарды үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. «КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Басқа 0. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтерге технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы __________ № ___ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 273/НҚ бұйрығымен бекітілген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтерге технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға және (немесе) Мемлекеттік орган қызметін автоматтандыруға, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға арналған цифрлық объектілерін құру, дамыту, тестілеу, сүйемелдеу және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
Тармақ 2
2. цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша цифрлық объектілерін, оның ішінде «цифрлық үкіметтің», құру, кастомизациялау, дамыту және оларға жүйелі-техникалық қызмет көрсету және экспортқа сату;
Тармақ 3
3. цифрлық объектілерін, оның ішінде «цифрлық үкіметтің» құру және дамыту бойынша жобаларын басқару мен әдіснамалық қамтамасыз ету үшін экспорқа сату;
Тармақ 4
4. «Smart Data Ukimet» цифрлық талдау жүйесінің деректері негізінде дашбордтар құру;
Тармақ 5
5. «Smart Data Ukimet» цифрлық талдау жүйесінде проактивті мемлекеттік қызметтердің әлеуетті алушыларын айқындау бойынша тізімдерді дайындау (сегменттеу және тізімдерді қалыптастыру);
Тармақ 6
6. «Smart Data Ukimet» цифрлық талдау жүйесінде деректер витриналарын әзірлеу;
Тармақ 7
7. «Smart Data Ukimet» цифрлық талдау жүйесінің деректерді визуализациялау құралдарымен жұмыс істеу бойынша оқыту жүргізу;
Тармақ 8
8. «Smart Data Ukimet» цифрлық талдау жүйесінің деректері негізінде кейстерді қалыптастыру және оларды сүйемелдеу;
Тармақ 9
9. «Smart Bridge» сервистерін пайдалану бойынша қызметтер көрсету және онда орналастырылған сервистерге қолжетімділікті ұйымдастыру;
Тармақ 10
10. операторға бекітілген «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымы объектілерінде сервисті орналастыру қызметі;
Тармақ 11
11. «Smart Data Ukimet» цифрлық талдау жүйесінің деректері негізінде жүргізілген талдау нәтижелерін ұсыну;
Тармақ 12
12. адам келбетін тану әдісіне негізделген цифрлық сәйкестендіру қызметін ұсыну (биометриялық сәйкестендіру), оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде;
Тармақ 13
13. электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтімен құжаттарға/электрондық құжаттарға қол қою қызметтерін ұсыну және электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру;
Тармақ 14
14. Заңның көрсетілген бабы 1 – тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-5-бабына сәйкес Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының қызметін жүзеге асыру;
Тармақ 15
15. мемлекеттік емес цифрлық жүйелер үшін цифрлық инфрақұрылымды ұсыну:
Тармақша 1
1) есептеу ресурстарын ұсыну қызметі;
Тармақша 2
2) серверлік жабдықты орналастыру көрсетілетін қызметі;
Тармақша 3
3) сервис ретінде бұлтты инфрақұрылым көрсетілетін қызметі (IAAS);
Тармақша 4
4) сервис ретінде бұлтты платформа көрсетілетін қызметі (PAAS);
Тармақша 5
5) сервис ретінде бұлтты бағдарламалық қамтамасыз ету қызметі (SAAS);
Тармақ 16
16. жасанды интеллект модельдерін құру, оқыту, теңшеу және модельдерді құру үшін қажетті деректерді талдау қызметтерін ұсыну.