Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 февраля 2024 года № 30-9/27 «Об утверждении положений территориальных подразделений Комитета рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Бұйрық · № 01-09/177 · қабылданған 19.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2024-no-30-927/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 февраля 2024 года № 30-9/27 «Об утверждении положений территориальных подразделений Комитета рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 01-09/177 ·19.12.2024
19.12.2024 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 февраля 2024 года № 30-9/27 «Об утверждении положений территориальных подразделений Комитета рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 01-09/177 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 февраля 2024 года № 30-9/27 «Об утверждении положений территориальных подразделений Комитета рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 30-9/27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
01-09/177
Қабылданған күні
19.12.2024
Қолданысқа енгізілген күні
19.12.2024
Көрсетілген редакция
19.12.2024 204486_734587.kaz
Соңғы өзгеріс
19.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24FB109177
ЭКБ идентификаторы
204486
Редакция идентификаторы
204486_734587
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 07:44

0 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушының
2024 жылғы 14 ақпандағы № 30-9/27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 30-9/27 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемеcі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Инспекция) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) құзыретi шегінде Шымкент қаласы, Қызылорда және Созақ ауданын қоспағанда Түркістан облыстары әкімшілік шекарасының шегіндегі Арал-Сырдария бассейнінің аумағында және су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Инспекция) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) құзыретi шегінде Түркістан облысының Созақ ауданы және Балқаш көлін қоспағанда Жамбыл облысының әкімшілік шекарасының шегіндегі Шу-Талас бассейнінің аумағында және су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Кадр, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жеткізілуін;

3 3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы