О внесении изменений в решение маслихата района Сауран от 14 февраля 2025 года № 212 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Қолданыста
Басқа 0
Сауран аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 ақпандағы №212 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
Сауран аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 ақпандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №212 шешiмiне (Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2025 жылғы 17 ақпандағы № 6662-13 болып тiркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 8 тармағының:
2) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға – 2,5 (екі жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
7) және 11) тармақшалар алып тасталсын:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 9 тармағының:
3) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«3) Адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясын жұқтырған немесе жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен болған, олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, сонымен қатар адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, ай сайын республикалық ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;».
6) тармақшасы алып тасталсын:
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.