О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 14 ноября 2025 года № 284 «О некоторых вопросах государственного учреждения «Управление культуры Восточно-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 14 қарашадағы № 284 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 14 қарашадағы № 284 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: 15-тармақ мынадай мазмұндағы 53), 54), 55) тармақшалармен толықтырылсын: «53) орган жұмысының тиімділігін арттыру үшін цифрлық технологияларды қолдануды қамтамасыз етеді; 54) аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға және инвестиция тартуға ықпал етеді; 55) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады.», 49) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «49) ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды;».
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің мәдениет мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.