О признании утратившим силу постановления акимата Махамбетского района от 14 марта 2025 года № 71 «Об установлении зон рекреационного рыболовства на водных объектах Махамбетского района Атырауской области» Қолданыста
Басқа 0
«Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы» Махамбет ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № 71 қаулысын күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1.«Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы» Махамбет ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 14 наурыздағы № 71 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне № 5268-06 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Махамбет ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Махамбет ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Махамбет ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.