Зайсан қаласындағы 14-маусым атындағы көшенің атауын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Зайсан қаласындағы 14-маусым атындағы көшенің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зайсан қаласындағы «14-маусым» атындағы көшенің атауы «Шәмшіқұмар Мұқатаева» атындағы көше деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Көшенің атауын өзгертуге байланысты тиісті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу Зайсан қала әкіміне міндеттелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.