О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 14.02.2003 г. № 25/4 «Об утверждении Правил оказания социальных выплат отдельным категориям граждан», зарегистрированного в управлении Юстиции 21.03.2003 г. за № 1623 Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 14.02.2003 жылғы «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Ережесін бекіту туралы» № 25/4 шешіміне Әділет басқармасында 21.03.2003 ж. № 1623 тіркелген өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 11 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 7.04.1999 ж. № 374-1 «Азаматтардың жеке санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы», Қазақстан Республикасының 31.12.2004 ж. №28 «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына мүгедектеріне және асыраушысынан айырылған жағдайлар бойынша жәрдемақы алуныларға әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары негізінде Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 14.02.2003 ж «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Ережесін бекіту туралы» № 25/4 шешіміне Әділет басқармасында 21.03.2003 жылы № 1623 тіркелген, 11.04.2003 жылы аудандық № 29 «Простор» газетінде жарияланған, келесі енгізілген өзгерістер мен толықтырулар есебімен: 08.07.2003 ж. №28/2 шешіммен 09.07.2003 ж № 916 тіркелген, 21.01.2004 ж. № С7/4 шешіммен 30.01.2004 ж. № 2258 тіркелген келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Атбасар аудандық мәслихатының 14.02.2003 жылғы «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Ережесін бекіту туралы» № 25/4 шешіміне қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияға баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, комуналдық шаруашылық, көркейту және халыққа кызмет көрсету бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап және ресми жарияланғаннан соң заңды күшіне енеді.
Басқа 4
Қосымша Атбасар аудандық
мәслихатының 12.03.2005
жылғы № С 17/12
шешімімен бекітілген
Қосымша Атбасар аудандық
мәслихатының 14.02.2003
жылғы № 25/4
шешімімен бекітілген
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Азаматтардың жеке сана(санаттарына әлеуметтік төлем көрсету нақты ережесі (әрі қарай Ереже) 451-007 «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем ақы» бюджеттік бағдарламасы бойынша төлем ақы ұйымдастыру тәртібін бекітеді.
Тармақ 2
2. Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы және Бюджеттік Кодекс болып табылады.
Тармақ 3
3. Ереже әрекеті Қазақстан; Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынасқа таратылмайды.
Тарау 2. 2. Төлем ақы алу құқысы.
2. Төлем ақы алу құқысы.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлем ақысы алуға төмен қамтылған, төменгі тіршіліктен аз кірісі немесе нақты жағдай күші бар шұғыл әлеуметтік көмек қажет ететін отбасыларының (азаматтар) және сол сияқты мерекелік күндерге және басқа да мерекелерге жеке азаматтар санаттарының құқысы бар.
Тармақша 1
1) Тіршіліктегі қиын жағдайлар болып табылады:
Құрт және онкологиялық ауыруының ұзақ уақыт емделуі, отбасы мүшесінің біреуінің қайтыс болуы, жедел операция жасау қажеттігі.
Тармақша 2
2) Әлеуметтік көмек құқысына төмен қамтылған азаматтар егер орташа жан басына шаққанда отбасының айлық кіріс жиынтығы бекітілген кедейлік шегінен төмен болғанда.
Тармақша 3
3) Төлемақы облыстық медициналық мекемелеріне тексерілуге жолдаған ауыруды жол шығынының орнын өтеуге, төмен қамтылған азаматтарды құжаттандыруға, төмен қамтылған мүгедек азаматтарға, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, сол сияқты мерекелік күндерге және бақа да мерекелерге азаматтардың жеке санаттарына беріледі, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға телефон орнатуға, көмірге.
Тармақша 4
4) Мерекелік күндерге және басқа да мерекелерге әлеуметтік төлем келесі азаматтардың жеке санаттарына жүзеге асырылады:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне Совет Армиясы, Ауған мүгедектеріне, АЭС Чернобыль мүгедектеріне, соғыста қаза болған соғысқа қатысушылардың жесірлеріне, Ауғанстанда әскери қызметте қаза болғандардың отбасына (ата-аналарына, балаларына, екінші рет некеге тұрмаған жұбайларына), фашист концлагерінің тұтқындарына, тыл еңбеккерлеріне, мүгедектердің барлық топтарына, соғыс жылдары еркін жалдамалы, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғаларға, қайтыс болған ҰОс қатысушыларының және мүгедектерінің жұбайларына, Чернобыль АЭС жойымпаздарына, Ауғаныстанда және басқа мемлекеттер маңында әскери әрекеттерге қатысушыларға, Совет әскерлерінде қаза болған әскери қызметкерлерінің отбасына.
Тарау 3. 3. Төлемақы бойынша жұмыс ұйымдастыру
3. Төлемақы бойынша жұмыс ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Төлем ақы бойынша жұмыс ұйымдастыру мақсатында, қаланың және ауданның қоғамдық ұйымдар мүшелерінен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өкілдерінен комиссия құрылды
Атбасар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің жанында бір айда бір рет комиссия отырысы өтеді
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеті болып табылады:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік көмек көрсету туралы азаматтар үндеулерін қарастыру;
Тармақша 2
2) Көмекке келген (азаматтың) отбасылардың қамтылған деңгейі және әлеуметтік тұрмыс жағдайын тексеру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек көрсетуді белгілеу және бас тарту туралы шешімдер қабылдау.
Тарау 4. 4. Көмек көрсетудің көлемі және тәртібі
4. Көмек көрсетудің көлемі және тәртібі
Тармақ 7
7. Төлемақы облыстық медициналық мекемелеріне тексерілуге жолдаған ауыруды жол шығынының орнын өтеуге, төмен қамтылған азаматтарға, ақшалай жылына бір рет беріледі.
Әлеуметтік көмек талап еткен тұлға, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш береді
Өтінішке келесі құжаттар тіркеледі:
Тармақша 1
1) жеке куәлігі немесе паспорты
Тармақша 2
2) облыстық емханаға тексерілуге жолдаған құжатқа қол қоюшы қызмет тұлғасының, толық атауы , жеке қолы және толық жазу, көрсетілген аудандық емхананың жолдауы.Қызметтік тұлғасының қолы таңбалық мөрмен расталуы керек.
Әлеуметтік көмек бір адамға бір мың теңге көлемінде көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Төмен қамтылған азаматтарды, және тұрақты тұратын жері жоқ тұлғаларды құжаттандыруға әлеуметтік төлемақы ақшалай қаржы жеке куәлігін рәмідеуді және беруді жүзеге асыратын ұйымдардың есеп айыру есебіне аудару жолымен жүзеге асырылады.
Материалдық көмек жеке өтініш және өтініш берушінің немесе отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайның тексеру актісі негізінде төленеді.
Әлеуметтік көмек бір айлық есеп айыру көрсеткішіне дейінгі көлемінде көрсетіледі
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек төмен қамтылған азаматтарға, мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға ақшалай жылына бір рет отбасы мүшесінің (азамат) біреуіне беріледі
Материалдық көмек алуға талап еткен тұлға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш береді, өтінішке келесі құжаттар тіркеледі:
Тармақша 1
1) Жеке басының куәлігі, төл құжаты, ӘЖК, СНТ
Тармақша 2
2) Тұрғын жері және отбасының құрамы туралы анықтамалар
Тармақша 3
3) Отбасының материалдық-тұрмыс жағдайын тексеру актісі
Тармақша 4
4) Өткен тоқсандағы кіріс туралы анықтама
10 Материалдық көмек көлемі мүгедектерге және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, төмен қамтылған азаматтарға 5 айлық есеп айыру көрсеткіші көлемімен белгіленеді.
Тармақ 11
11. Төлем көлемі әр нақты жағдайда комиссиямен анықталады. Ең жоғарғы көлемі 5000 теңгеден жоғары болмау керек.
Осы ереженің 2 тармағымен қарастырылған жағдайда төлем көлемі көбеюі мүмкін, бірақ, 15000 теңгеден аспау керек.
Тармақ 12
12. Төлем ақы алушылардың тұлғалық зейнетақылық есебіне қаржыны аудару жолымен жүзеге асырылады
Тармақ 13
13. Мерекелік күндерге және басқа да мерекелерге әлеуметтік төлем жергілікті өкілеттік орган шешімдерімен анықталады
Мерекелік күндерге және басқа да мерекелерге әлеуметтік төлем Атбасар зейнетақы төлеу Мемлекеттік Орталығы бөлімімен және ҰОс ардагерлерінің Кеңесімен, соғыс және Ауғаныстан ардагерлерінің Кеңесімен келісілген тізімге сәйкес есеп айыру есебіне қаржы аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Мүгедектер күніне әлеуметтік төлем жергілікті өкілеттік орган шешімдерімен анықталады.
Мүгедектер күніне әлеуметтік төлем кірістен тәуелсіз, есеп айыру есебіне қаржы аудару жолымен Атбасар зейнетақы төлеу Мемлекеттік Орталығы бөлімімен келісілген тізімге сәйкес жүзеге асырылады
Тарау 5. 5. Төлем ақыны қаржыландыру.
5. Төлем ақыны қаржыландыру.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік төлемақы бойынша шығынды қаржыландыру аудандық бюджетінде осы мақсатқа қарастырылған 451-007 «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемақы» Бағдарлама бойынша қаржы шегінде жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Төлемақыны жүзеге асыру тәртібі.
6. Төлемақыны жүзеге асыру тәртібі.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік төлемақы Қазақстан Республикасындағы Халық банкіндегі және пошталық бөлімшелеріндегі алушылардың тұлғалық есебіне ақшалай қаржыны аудару арқылы жүзеге асырылады.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаржы шегінде әлеуметтік төлем ақы үшін аударуды жүргізеді, азаматтар тізімен реттейді, тізімнің растығына жауап береді.
Тарау 7. 7. Төлемақыны жүзеге асыруға бақылау.
7. Төлемақыны жүзеге асыруға бақылау.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік төлемақы көрсету бойынша есеп беру және бақылау Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.