О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 14.02.2003 г. № 25/4 «Об утверждении Правил оказания социальных выплат отдельным категориям граждан», зарегистрированного в Управлении юстиции 21.03.2003 г. за № 1623 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 14.02.2003 жылғы «Азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік төлемді көрсету ережесін» бекіту туралы» № 25/4 шешіміне, Әділет басқармасында 21.03.2003 ж. № 1623 тіркелген, өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 11 тармағына сәйкес, аудандық әкімдіктің 03.02.2007 ж. № 01-280 ұсынысы негізінде Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 14 ақпандағы «Азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік төлемді көрсету ережесін» бекіту туралы» № 25/4 шешіміне, Әділет басқармасында 2003 жылғы 21 наурызда № 1623 тіркелген, 2003 жылғы 11 сәуірде «Простор» газетінде жарияланған, келесі өзгерістермен: 2003 жылғы 8 шілдеде № 28/2 шешімімен (09.07.2003 ж. № 1916 тіркелген), 2004 жылғы 21 қаңтардағы № 7/4 шешімімен (30.01.2004 ж. № 2258 тіркелген); 2005 жылғы 12 наурыздағы № 17/12 шешімімен (15.03.2005 ж. № 3076 тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Атбасар аудандық мәслихатының 2003 жылғы 14 ақпандағы «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем көрсету Ережесін бекіту туралы» № 25/4 шешіміне қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және халыққа қызмет жөніндегі тұрақты комисиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет Департаменті Атбасар ауданының Әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен соң күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолдануға енгізіледі.
Басқа 5
Қосымша Атбасар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 7 ақпандағы «Атбасар аудандық мәслихатының 2003 жылғы 14 ақпандағы «Азамматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік төлемді көрсету ережесін» бекіту туралы» № 25/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № С 38/4 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Қосымша Атбасар аудандық мәслихатының 2003 жылғы 14 ақпандағы «Азамматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік төлемді көрсету ережесін» бекіту туралы» № 25/4 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Азамматтардың белек санаттарына әлеуметтік төлемді көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем көрсету нақты ережесі (әрі қарай Ереже) 451-007 «Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем» бюджеттік бағдарламасы бойынша төлем ұйымдастыру тәртібін бекітеді.
Тармақ 2
2. Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы және Бюджет кодексі болып табылады.
Тармақ 3
3. Ереже әрекеті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынасқа таратылмайды.
Тарау 2. 2. Төлем алуға құқысы
2. Төлем алуға құқысы
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлем ақысын алуға айлық орташа жан басына шаққандағы кірісі төменгі тіршіліктен аз төмен қамтылған отбасылардың (азаматтар) немесе нақты жағдай күші бар шүғыл әлеуметтік көмек қажет ететін отбасыларының (азаматтар) және сол сияқты мерекелік күндерге және басқа да мерекелерге жеке азаматтар санаттарының құқысы бар.
Тармақша 1
1) тіршіліктегі қиын, шұғыл әлеуметтік қолдауға мұқтаж жағдайлар болып туберкулез және онкологиялық ауруымен ұзақ уақыт емделген аурулар, отбасы мүшесінің біреуінің қайтыс болуы (қайтыс болған кезде жұмыссыз ретінде тіркелген болса), облыстық, республикалық медициналық мекемелеріне тексерілуге жолданған аурудың жол шығынының орнын өтеу, төмен қамтылған азаматтарды құжаттандыру, төмен қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек-балаларға жазылған оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес кіріс есебісіз әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.
Тармақша 2
2) мейрам күндеріне және басқа да мерекелерге әлеуметтік төлем келесі азаматтардың жеке санаттарына жүзеге асырылады: - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне, Совет Армиясы мүгедектеріне, АЭС Чернобль мүгедектеріне, Ұлы Отан Соғысы майданында қаза болған қатысушылардың жесірлеріне, Ауғанстанда әскери қызметте қаза болғандардың отбасына (ата-аналарына, балаларына, екінші рет некеге тұрмаған жұбайларына), фашист концлагерінің тұтқындарына, тыл еңбеккерлеріне, барлық топтағы мүгедектерге, соғыс жылдарындағы еркін жалдамалы құрамға, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген қайтыс болған Ұлы Отан қатысушыларының және мүгедектерінің жұбайларына, Чернобль АЭС жойымпаздарына, Ауғаныстанда және басқа мемлекеттер маңында әскери әрекеттерге қатысушыларға, Совет әскерлерінде қаза болған әскери қызметкерлерінің отбасына, Атбасар ауданының құрметті азаматтарына.
Тарау 3. 3. Төлем бойынша жұмысты ұйымдастыру
3. Төлем бойынша жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Төлем бойынша жұмыс ұйымдастыру мақсатында, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауданның қоғамдық ұйымдар мүшелері өкілдерінен комиссия құрылды. Комиссия отырысы Атбасар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік батдарламалар бөлімінің жанында бір айда бір реттен сирек емес өткізіледі.
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеті болып табылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек көрсету туралы азаматтар өтініштерін қарастыру;
Тармақша 2
2) көмекке келген отбасылардың (азаматтың) қамтылған деңгейі және әлеуметтік тұрмыс жағдайының актісін құру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек көрсетуді белгілеу немесе бас тарту туралы шешімдер қабылдау.
Тарау 4. 4. Көмек көрсетудің тәртібі және көлемі
4. Көмек көрсетудің тәртібі және көлемі
Тармақ 7
7. Төмен қамтылғган азаматтар санынан облыстық, республикалық медициналық мекемелеріне тексерілуге жолданған аурудың жолына байланысты шығынының орнын өтеуге әлеуметтік төлем, бір адамға екі мың теңге көлемінде кіріс есебісіз жылына бір рет ақшалай беріледі. Әлеуметтік көмекке үміттенуші тұлға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш береді, өтінішке келесі қүжаттар тіркеледі:
Тармақша 1
1) жеке куәлігі немесе төлқұжаты, әлеуметтік жеке коды (ӘЖК), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) (көшірмелер);
Тармақша 2
2) облыстық, республикалық емханаға тексерілуге жолдаған құжатқа қол қоюшы қызмет тұлғасының толық атауы, жеке қолы және оның толық ашып жазылуы көрсетілген аудандық аурухананың жолдауы. Қызметтік тұлғасының қолы таңбалық мөрмен расталуы керек;
Тармақша 3
3) азаматтың тіркеу кітабы (көшірмесі);
Тармақша 4
4) жұмыссыз мәртебесі туралы анықтама.
Тармақ 8
8. Төмен қамтылған азаматтарды және тұрақты тұратын жері жоқ тұлғаларды құжаттандыруға әлеуметтік төлемақы ақшалай қаржы жеке куәлігін рәміздеуді және беруді жүзеге асыратын ұйымдардың есеп айыру есебіне аудару жолымен жүзеге асырылады. Материалдық көмек жеке өтініш және өтініш берушінің немесе отбасының материалдық - тұрмыстық жағдайын тексеру актісі негізінде бір айлық есептік көрсеткіші көлемінде төленеді.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек ұзақ уақыт емдеудегі (онкологиялық және туберкулез ауруларға) төмен қамтылған азаматтарға акшалай жылына бір рет отбасы мүшесінің біреуіне (азаматқа) бес бір айлық есептік көрсеткіші көлемінде беріледі. Әлеуметтік көмекке үміттенуші тұлға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш береді, өтінішке келесі құжаттар тіркеледі:
Тармақша 1
1) жеке куәлігі немесе төлқұжаты, ӘЖК, СТН (көшірмелер)
Тармақша 2
2) азаматтың тіркеу кітабы (көшірмесі)
Тармақша 3
3) өткен тоқсан кірістері туралы анықтама
Тармақша 4
4) стационарлық емдеуде болуы туралы анықтама.
Тармақ 10
10. Материалдық көмек көлемі мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек-балаларға оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес кіріс есебісіз бес бір айлық есептік көрсеткіші көлемімен белгіленеді.
Тармақ 11
11. Төлем көлемі әр нақты жағдайда комиссиямен анықталады. Ең жоғарғы көлемі бес бір айлық есептік көрсеткішінен жоғары болмау керек. Осы Ереженің 4 тармағындағы 1 тармақшасында қарастырылған жағдайда төлем көлемі көбейтілуі мүмкін, бірақ он бес бір айлық есептік көрсеткішінен аспауы керек.
Тармақ 12
12. Мейрам күндеріне және басқа да мерекелік күндерге әлеуметтік төлем жергілікті өкілеттік орган шешімдерімен анықталады. Төлем есеп айыру есебіне қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Мүгедектер күніне әлеуметтік төлем жергілікті өкілеттік орган шешімдерімен анықталады және әлеуметтік төлем, кіріске байланыссыз, есеп айыру есебіне қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Төлемді қаржыландыру
5. Төлемді қаржыландыру
Тармақ 14
14. Әлеуметтік толем бойынша шығынды қаржыландыру аудандық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған 451-007 «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем» Бағдарламасы бойынша қаражат шегінде жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Төлемді жүзеге асыру тәртібі
6. Төлемді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 15
15. Әлеуметтік төлем Халық банкіндегі және пошталық бөлімшелеріндегі алушылардың тұлғалық, зейнетақылық есебіне ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырылады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік төлемді есептейді, аудандық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаражат шегінде азаматтар тізімін құрады, тізімнің растығына жауап береді.
Тарау 7. 7. Төлемді жүзеге асыруды бақылау
7. Төлемді жүзеге асыруды бақылау
Тармақ 16
16. Әлеуметтік төлем көрсету бойынша есеп беру және бақылау Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі негізінде жүзеге асырылады.