Об утверждении перечня услуг НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан», оказываемых через отделы обслуживания населения, а также через Единый контакт-центр 1414 Қолданыста
Басқа 0
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтердің
тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 9-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы, сондай-ақ 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті:
Тармақша 1
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК-ға жіберілсін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасарларына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлері орындайтын халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы көрсетілетін жұмыстардың тізбесі
Бұйрығына 1-қосымша
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлері орындайтын халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы көрсетілетін жұмыстардың тізбесі
№ р/с
Қызметтердің атауы
1
Ресепшінде консультация беру және құжаттардың толықтығын тексеру
2
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау, оның ішінде жолданымдарды қабылдау
3
Мемлекеттік қызмет нәтижесін беру
4
Өтініштерді қабылдау және беру бойынша тізілімдерді қалыптастыру (жинақтаушы сектор)
5
Организм функциялары тұрақты бұзылған денсаулығы адамдарға үйіне барып мемлекеттік қызмет көрсету
6
Мобильді ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету
7
Өзіне өзі қызмет көрсету секторында консультациялық көмек көрсету
8
Жол қозғалысы теориясы бойынша тестілеуден өту кезінде консультация беру
9
Автоматтандырылған электрондық алаңда практиқалық емтихан тапсыру кезінде консультация беру
Басқа 2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлері орындайтын Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтер тізбесі
Бұйрығына 2-қосымша
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлері орындайтын Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтер тізбесі
№ р/с
Қызметтердің атауы
1.
Дауыстық кеңес беру қызметтері (кіріс қоңыраулар)
2.
Дауыстық кеңес беру қызметтері (шығыс қоңыраулар)
3.
Дауыстық консультациялық қызметтердің көмегімен консультация беру және техникалық қолдауға тіркеу
4.
Дауыстық емес кеңес беру қызметтері
5.
6.
Консультациялық қызметтер көрсету, одан әрі техникалық қолдауға тіркеу
7.
«Бейнеқоңырау» сервисі арқылы консультациялық қызметтер көрсету
8.
9.
10.
Консультациялық қызметтер көрсету, одан әрі «Үйге бару» қызметін алуға өтінімдерді тіркеу
11.
Консультациялық қызметтер көрсету, одан әрі «Шағым», «Пікір» санаттары бойынша өтініштерді тіркеу
12.
13.
Әкімшілік органдарға коммерциялық негізде байланыс орталығының қызметтерін ұсыну
14.
Техникалық сүйемелдей отырып, 1414 нөміріне өтеулі негізде қолжетімділік беру
15.
Қоңырауларды қабылдау үшін байланыс орталығы жүйесіне өтеулі негізде қолжетімділік беру)»