О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение об основных принципах военно-технического сотрудничества между государствами-участниками Договора о коллективной безопасности от 15 мая 1992 года Қолданыста
Басқа 0
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Ялтада 2003 жылғы 19 қыркүйекте жасалған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілсін.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа
қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық
ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты Ұйымына қатысушы мемлекеттер,
олардың қарулы күштері ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құрамына енетіні және Шарттың 4-бабын іске асыру мақсатында әскерлердің коалициялық (өңірлік) топтарына енгізілуінің мүмкіндігі туралы Ұжымдық қауіпсіздік тұжырымдамасының ережелерін және 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) қатысушы мемлекеттердің коалициялық стратегиясының негізгі ережелерін басшылыққа ала отырып,
Шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) шеңберіндегі өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Келісімнің 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
Егер тиісті халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, әскери мақсаттағы өнімдерді жеңілдік шарттарымен жеткізуді 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартты іс жүзінде іске асыру мақсатында олардың ұлттық қарулы күштерінің мүддесінде Тараптар жүзеге асырады.
Көрсетілген жеткізілімдер олардың әскери-техникалық ынтымақтастығының субъектілері арасында жасасылған жеке келісім-шарттар (шарттар) бойынша Тараптардың нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Келісімнің 6-бабының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Тараптар әскери мақсаттағы өнімді жеткізетін Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз шетел мемлекеттеріне, жеке және заңды тұлғаларға немесе халықаралық ұйымдарға осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген келісім-шарттар (шарттар) бойынша жеңілдік шарттарында жеткізілген әскери мақсаттағы өнімді әскери мақсаттағы сатпайды немесе бермейді.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Тиісінше келесі баптардың нөмірлерін өзгерте отырып, Келісім мынадай редакциядағы 10-нөмірлі жаңа баппен толықтырылсын:
Тараптар қысқа мерзімде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі көрсетілген Тарапқа қарсы агрессия актісін жасау қаупі ретінде бағалаған жағдай туындаған ретте немесе қатысушы мемлекет БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес жеке немесе ұжымдық өзін-өзі қорғауға өз құқығын қолданғанда немесе қатысушы мемлекет террорлық актілердің объектісі болғанда немесе өз егемендігі мен аумақтық тұтастығына басқа да қатер төнгенде кез келген Тарапқа әскери-техникалық көмек көрсетеді. Әскери-техникалық көмек көрсетудің қаржы-экономикалық шарттары Тараптарда бар мүмкіндіктерге сүйене отырып әрбір нақты жағдайда айқындалатын болады.
Әскери мақсаттағы өнімді жеткізу түріндегі әскери-техникалық көмек тиісті келісім-шарттар (шарттар) негізінде жүзеге асырылады.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында (жаңа нөмірде) көзделген тәртіппен күшіне енеді, бірақ бұл мемлекеттер үшін 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдерді мақсатты пайдалануға бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы Хаттама күшіне енгеннен ерте емес.
Бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған мемлекеттердің әрқайсысына оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты Ұйымының Хатшылығында сақталады.
Армения Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін
Беларусь Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Қазақстан Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін