О ратификации Второго протокола о внесении дополнения в Протокол о порядке осуществления контроля за целевым использованием продукции военного назначения, поставляемой в рамках Соглашения об основных принципах военно-технического сотрудничества между государствами-участниками Договора о коллективной безопасности от 15 мая 1992 года Қолданыста
Басқа 0
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтыру енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы
2007 жылғы 6 қазанда Душанбеде жасалған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтыру енгізу туралы екінші хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтыру енгізу туралы
ЕКІНШІ ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер,
2000 жылғы 20 маусымда қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) және 2002 жылғы 7 қазанда қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттама (бұдан әрі - Бақылау туралы хаттама) негізінде Тараптардың әскери әлеуетін де, контртеррористік әлеуетін де дамыту мүддесінде әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Бақылау туралы хаттаманың 3-бабының екінші абзацы «ұлттық қарулы күштерде» деген сөздерден кейін «, өзге де әскерлерде, әскери құралымдарда, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерде» деген сөздермен толықтырылсын.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Осы Хаттама Бақылау туралы хаттаманың ажырамас бөлігі болып табылады.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
Осымен 2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қаласында қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімді нысаналы пайдалануға бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтыру енгізу туралы Екінші хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.