О ратификации Третьего протокола о внесении изменений в Соглашение об основных принципах военно-технического сотрудничества между государствами-участниками Договора о коллективной безопасности от 15 мая 1992 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы ратификациялау туралы 2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеуде жасалған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттама ратификациялансын. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ҮШІНШІ ХАТТАМА Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (бұдан әрі - ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер 2000 жылғы 20 маусымда қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімнің негізінде ұжымдық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін қалыптастыру үшін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық қарулы күштерін қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру мүддесінде әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап Келісімнің 3-бабы "еркін айналыстағы валютадағы" деген сөздерден кейін "және (немесе) Ресей Федерациясының рубліндегі" деген сөздермен, 6-бабының үшінші абзацы "еркін айналыстағы валютамен" деген сөздерден кейін "және (немесе) Ресей Федерациясының рублімен" деген сөздермен және 9-бабының бірінші абзацы "еркін айырбасталатын валютадағы" деген сөздерден кейін "және (немесе) Ресей Федерациясының рубліндегі" деген сөздермен толықтырылсын.
Бап 2. 2-бап
2-бап Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді. 2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады. Көшірмесі дұрыс: Орыc тіліндегі мәтінге сәйкес мемлекеттік тілге аударылды. 2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.