О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 15 августа 1995 г. N 1125 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 тамыздағы N 1125 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 1996.11.14. N 1389 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Әкелiнетiн тауарларға кеден баждарының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 тамыздағы N 1125 қаулысының 1-қосымшасына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 19-бетiнде 2402 СЭҚ ТН коды бойынша 3-бағанындағы "100" саны "1000" санымен ауыстырылсын; 38-бетiнде 430310900-дан СЭҚ ТН коды бойынша 3-бағанындағы "150" саны "15" санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Аталған өзгерiстер "Әкелiнетiн тауарларға кеден баждарының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 тамыздағы N 1125 қаулысы күшiне енген сәттен бастап қолданысқа енгiзiледi.