О реализации Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 15 марта 1995 г. N 2120 "О республиканском бюджете на 1995 год" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 14.08.1995 № 1120 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1995 жылға арналған республикалық бюджетi кiрiсi бойынша 136020269 мың теңге сомасында, шығысы бойынша 175399719 мың теңге сомасында, тапшылықтың шектi мөлшерi 1 қосымшаға сәйкес - 39379450 мың теңге мөлшерiнде орындауға қабылдансын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң темiр жолдар басқармалары, "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы, "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлiк компаниясы өздерiнiң негiзгi қызметтерi бойынша, "Қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабындағы 4 - тармағына сәйкес конверсияланатын кәсiпорындар және iшкi iстер органдары жанындағы облыстық (Алматы қалалық) ведомстводан тыс күзет бөлiмдерi орталықтандырылған тәртiппен республикалық бюджетке пайдаға салынатын салық төлейдi деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне кәсiпорындар мен ұйымдарға орталықтандырылған тәртiппен табысқа салынатын салық бойынша республикалық бюджетпен есеп айырысуды белгiлеу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 3
3. "Целинтрансстрой", "Қазақтранстехмонтаж", "99-құрылыс басқармасы", "Көлiк құрылысы", "Трансстрой" (Алматы, Павлодар) акционерлiк қоғамдары, "Қазақстан жолдары" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясы, "Монтажспецстрой" акционерлiк холдинг компаниясы үшiн пайдаға салынатын салық бойынша 1994 жылы қолданылған есеп айырысудың ерекше тәртiбi 1995 жылы сақталсын.
Тармақ 4
4. "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы Заң күшi бар Жарлығымен жеке тұлғалар үшiн салынатын табыс салығы бойынша 1994 жылы қолданылған жеңiлдiктер сақталғаны ескерiлсiн. Қаржы министрлiгi аталған жеңiлдiктердiң толық берiлуiне қатаң бақылау жасайтын болсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi он күн мерзiм iшiнде заңды және жеке тұлғалардың автомобиль бензинi мен дизель отынын пайдаланғанына салықты есептеу мен төлеу тәртiбiн, сондай-ақ салық есебiнiң нысаны мен беру мерзiмiн бекiтсiн және оларды салық төлеушiлердiң қаперiне жеткiзсiн.
Тармақ 6
6. Егер тауарларды экспорттық беру 1995 жылдың 24 наурызына дейiн жүргiзiлген болса, 1995 жылдың 24 наурызына дейiн жасалған және толықтай төленген контрактiлер (шарттар, келiсiмдер) бойынша акцизделетiн тауарларға, соның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi немесе резидентi емес басқа тұлғалар төленген акцизделетiн тауарларға, сондай-ақ бартерлiк операциялар бойынша 1995 жылдың 24 наурызына, дейiн қолданылған ставкалары бойынша салық салынады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi акциздердi төлеушiлердiң бәрiн қамту есебiн ұйымдастырсын, салықтың осы түрi бойынша төлемдердiң бюджетке толық түсуiн қамтамасыз ету үшiн пәрмендi бақылау жасайтын болсын.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi он күн мерзiм iшiнде ТМД елдерiнен тыс жерлерден импортқа әкелiнетiн тауарлар (өнiмдерге) бойынша қосылған құнға салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбiн, сондай-ақ кеден органдарына салық есебiн түсiру тәртiбi мен мерзiмiн белгiлеп, оны сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қаперiне жеткiзсiн.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жердi мұрагерлiкке өмiр бойы иелену құқының құнын, жер учаскесiн пайдалану құқығының немесе жалдау құқығының құнын белгiлеу жөнiндегi жұмыстардың дер кезiнде орындалуын қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Бас салық басқармасы және оның жергiлiктi жерлердегi органдары жергiлiктi әкiмдердiң жер учаскелерiн мұрагерлiкке өмiр бойы иелену құқығына, пайдалану құқығына немесе жалдау құқығына сатудан түскен қаражаттың дұрыс есептелуi мен бюджетке дер кезiнде аударылуын бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қорының 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс құрамынан шығарылғандығы ескерiлсiн. "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 35, 405-бап) 3-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi осы қордың шығыстары құрамында тұрғын үй құрылысы саласын қаржыландыруға 15 процент қаражат қарастырып, оны Қазақстан Республикасының "Жилстройбанк" тұрғын үй құрылысы Мемлекеттiк банкi арқылы пайдалансын.
Тармақ 10
10. Күрделi қаржыны қаржыландырудың 9015300 мың теңге сомасындағы шығыстарында Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту қорына 1995 жылдың 1 тоқсанына түскен қаражат ескерiлсiн.
Тармақ 11
11. Әлеуметтiк сақтандыруға аударылатын жалпы соманың Зейнетақы қоры мен Әлеуметтiк сақтандыру қоры арасында тиiсiнше, 85 және 15 процент нормативтер бойынша бөлiнетiндiгi ескерiлсiн.
Тармақ 12
12. 200 мың теңге мөлшерiндегi ең төменгi жалақы мен зейнетақыға төмендегiдей есептiк түзету коэффициенттерi белгiленгенi ескерiлсiн. 1995 жылғы 1 қаңтардан - 1 1995 жылғы 1 наурыздан - 1,25 1995 жылғы 1 шiлдеден - 1,4 1995 жылғы 1 қазаннан - 1,5 Бұл ретте бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшiлерiне еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi шегi мынадай мөлшерде белгiленедi: 1995 жылғы 1 қаңтардан - кемiнде 600 теңге 1995 жылғы 1 наурыздан - кемiнде 875 теңге 1995 жылғы 1 шiлдеден - кемiнде 980 теңге 1995 жылғы 1 қазаннан - кемiнде 1050 теңге Еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi шегi жұмыс уақытының белгiленген ұзақтығын толық атқарған жағдайда қосымша ақылардың, үстемелердiң, сыйлықтардың, басқа да өтемдiк (қолданылып жүрген заңдарда белгiленген бiржолғы ақылардан басқа) және көтермелеу төлемдерiнiң барлық түрлерiн ескергенде, сондай-ақ аудандық,таулы жерлердегi, шөлейт, сусыз жерлердегi және экологиялық коэффициенттердi қолданғандағы бiр айда есептелген нақтылы жалақыны қамтиды деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi, Қаржы министрлiгi еңбекке ақы төлеудiң енгiзiлген төменгi шегiн ескере отырып, бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың (мекемелердiң) жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң жалақысын белгiлеудiң Уақытша тәртiбiн белгiлеп, бекiтсiн.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарын ұстауға арналған қаражаттың атамалы бөлiну құжатын түсiрсiн.
Тармақ 14
14. "Астық" акционерлiк компаниясы республика бюджетiне қарастырылған қаражат есебiнен мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылдың егiнiнен берiлген астық үшiн ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiмен есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 15
15. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдаудың мемлекеттiк қорының кеңесi ауыл шаруашылығы жөнiндегi шараларды қаржыландыру үшiн он күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне 1995 жылға арналған шығыстар сметасын түсiрсiн. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi аталған қордың мемлекеттiк қаражатының нысаналы бағытталуы мен пайдаланылуына қатаң бақылау жасайтын болсын.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен және Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсiмен бiрлесе отырып, 1995 жылы құрылысы ұзақ мерзiмдi жеңiлдетiлген кредит беру шартымен де, сондай-ақ республикалық бюджетте қарастырылған қаражат есебiнен қайтарымсыз шартымен жүзеге асырылатын бастамалық мәнi бар және iске қосылуға тиiстi объектiлердiң тiзбесi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн. Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсi: Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен басымдылығы бар инвестициялық жобаларға банкiлiк сараптауды жүзеге асырсын және белгiленген тәртiп бойынша заемшылармен кредиттiк келiсiмдер жасасын; бұрын берiлген кредиттер бойынша проценттiк ставкаларға қатысты бұрынғы шарттарды сақтай отырып, белгiленген тәртiппен кредит келiсiмдерiн қайта ресiмдесiн; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң мекемелерiмен (келiсу бойынша) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып, 1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту қорынан (Инвестициялық қордан) қайтарылым негiзiнде қаржыландыру жүзеге асырылған және оларға қаражат бөлу соңғы жылдары тоқтатылған объектiлерге тексеру жүргiзсiн. Тексерудiң қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген әрбiр аяқталмаған объект бойынша бұрын бөлiнген кредиттердi қайтару жөнiнде қолданылған шаралар туралы шешiмнiң жобасын 1995 жылдың 15 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне түсiрсiн.
Тармақ 17
17. Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, Қазақстан Республикасының "Жилстройбанк" тұрғын үй құрылысы Мемлекеттiк банкi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсу бойынша жаңа тұрғын үй саясаты жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға бюджетте және Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту қорында көзделген қаражаттың атамалы түрде бөлiнуi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi бюджетте көзделген қаржыдан 35500 мың теңгенi жалпы республикалық маңызы бар жұмыстарды жобалауға жұмсасын.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Бiлiм министрлiгi, өз бағынысында жоғары оқу орындары бар басқа да министрлiктер мен ведомстволар: 1995 жылдың 1 қыркүйегiнен студенттердi қабылдау 5 процентке қысқартылатынын және олардың шарттық негiзде оқытуға көшiрiлетiнiн ескере отырып, 1995-1996 оқу жылында кадрлар даярлау жоспарын қабылдасын; кадрлар даярлауда қосарластыққа жол бермеу, қажетсiз мамандарды даярлауды тоқтату, сондай-ақ даярланатын мамандардың оқу орнының бейiмiне сәйкес келуiн қамтамасыз ету мақсатымен жоғары оқу орындары құрылымын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
Тармақ 20
20. Мемлекеттiк стипендиялар жоғары және орта арнаулы мемлекеттiк оқу орындарының барлық үлгерушi студенттерiне 1994-1995 жылғы оқу жылының жазғы емтихан сессиясының нәтижелерi бойынша тағайындалады деп белгiленсiн.
Тармақ 21
21. 1995 жылға арналған республикалық бюджетте облыстар мен Алматы қаласы шығыстарының құрамында тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын оқу орындарының студенттерi мен оқушылары үшiн мемлекеттiк темiр жол, су және қалааралық автомобиль көлiгiнде жүру жөнiнде белгiленген жеңiлдiктердi беруге арналған қаражаттың ескерiлгенiн жергiлiктi әкiмдер назарға алсын. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, Қаржы министрлiгi жол жүру жөнiнде жеңiлдiктер берудiң қолданыстағы тәртiбiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
Тармақ 22
22. Республикалық бюджетте әлеуметтiк маңызы бар газеттер мен журналдарды шығаруға 2 қосымшаға сәйкес 539707 мың теңге сомасында демеуақы көзделiп отырғаны еске алынсын.
Тармақ 23
23. 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк теледидар мен радионың хабарын тарату жөнiнде байланыс қызметiн көрсету үшiн "Қазақстанның теледидары мен радиосының" республикалық корпорациясы тоқсан сайын растап отыратын хабардың кестесi мен нақты көлемiне сәйкес Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қаржыландырылып отыратын болсын.
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Бiлiм министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып жасанды тамақтанудағы, аз қамтамасыз етiлген көп балалы отбасыларындағы, некеде тұрмайтын студент отбасыларындағы, жалғыз басты аналардың, сондай-ақ мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң отбасыларындағы екi жасқа дейiнгi балалар үшiн, тағамдық қоспаларды қоса есептегенде, сүтханаларда балалар тағамдарының негiзгi түрлерiн берудiң тәртiбiн анықтасын.
Тармақ 25
25. Кәсiпорындарды конверсиялауға арналған қаражат Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң шығыстары құрамында 200000 мың теңге сомасында көзделгенi ескерiлсiн. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 10 күн мерзiмi iшiнде конверсияланатын кәсiпорындар балансындағы әлеуметтiк-мәдени-тұрмыстық объектiлерi мен тұрғын үй қорын жергiлiктi әкiмшiлiктер қарамағына беру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 26
26. Республикалық бюджетте ғылымды қаржыландыруға 2651146 мың теңге, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына - 655836 мың теңге және Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясына - 526736 мың теңге сомасында қаражат көзделгенi ескерiлсiн. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, Ұлттық ғылым академиясы және Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясы екi ай мерзiм iшiнде қайталануға жол бермеу мақсатымен ғылыми мекемелер мен ғылыми-зерттеу бағдарламаларының құрылымы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
Тармақ 27
27. 1995 жылдың 1 сәуiрiнен бастап шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдарды бюджеттен қаржыландыру тоқтатылатыны ескерiлсiн.
Тармақ 28
28. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 16 қарашадағы N 960 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 ақпандағы N 91 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 3 35-бап) енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып, "Негiзгi тамақ өнiмдерiнiң қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға өтемақы және балаларға жәрдемақы төлеу үшiн қолданылатын отбасы мүшесiне шаққандағы жиынтық табысын есептеу туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 16 қарашадағы N 960 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 44, 651-бап) белгiленген балаларға бiржолғы жәрдемақы төлеу тәртiбi 1995 жылы сақталады деп белгiленсiн.
Тармақ 29
29. 1995 жылы қатты және сұйық отынды, газды, сондай-ақ электр энергиясын жеңiлдiкпен беруге байланысты отынмен жабдықтау ұйымдарының шығынын өтеу және қолданылып жүрген заңдарда жеңiлдiктер көзделген аз қамтамасыз етiлген азаматтар мен халықтың басқа да санаттарына пәтерақы мен коммуналдық қызмет көрсету жөнiндегi жеңiлдiктер тиiстi жергiлiктi бюджеттер арқылы жүзеге асырылатыны ескерiлсiн.
Тармақ 30
30. 1995 жылға арналған республика бюджетi шығыстарының құрамында Абай (Ибраhим) Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуын мерекелеуге байланысты мерейтойлық шараларды өткiзуге көзделген қаражаттың жалпы сомасы 824250 мың теңге болатыны ескерiлсiн, оның iшiнде: Мың теңге      мерейтой объектiлерiн салуға              - 245000      мерейтойға әзiрлену мен оны өткiзу      объектiлерiн көркейтуге                   - 2300      екi сериялы "Абай жолы" көркем      фильмдi түсiрудi аяқтауға                 - 166000      импорттық кинотехниканы сатып алу      үшiн валюта алуға                         - 58950      Абай тақырыбындағы шығармаларды      аудару мен басып шығаруға                 - 50000      концерттер, фестивальдар, конкурстар,      конференциялар өткiзуге                   - 132500      Абайдың "Жидебай-Бөрлi"қорық-мұражайы      объектiлерiн жаңғырту мен көрiлiм      жұмыстарына                               - 45000      дыбыс жазу, көрсету техникасы      құралдарын сатып алуға                    - 37500      жол қоры есебiнен Семей-Қарауыл      автожолын, Жидебай мен Бөрлi елдi      мекендерiне баратын жолдарды қайта      жаңғыртуға                                - 87000
Тармақ 31
31. 1995 жылға арналған республика бюджетiнiң шығыстары құрамында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығын мерекелеуге байланысты шаралар өткiзуге 306870 мың теңге сомасында қаражат көзделгенi ескерiлсiн, оның iшiнде: мың теңге      "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы      Жеңiске 50 жыл" мерекелiк медальдарын және      оларға куәлiктер жасауға, құттықтау      қағаздарын дайындауға, оларды жеткiзу      шығындарына                                     - 150000      Соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерiне      ескерткiш ретiнде сыйлық пен кәдесый      дайындауға                                      - 41812      1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы      Жеңiстiң 50 жылдығына республикалық Зерде      Кiтабын қосқанда, кiтаптар мен плакаттар      шығаруға                                        - 33000      Қазақстандық майдан кинооператорлары      туралы деректi фильм шығаруға                   - 4000      1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы      туралы бес сериялы деректi телефильм      түсiрiп, шығаруға                               - 5500      Қазақстан Республикасы делегацияларының      ТМД елдерiндегi және алыс шетелдердегi,      оның iшiнде Москвадағы салтанатты      жиындарға қатысуына                             - 1700      Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығына      арналған Спартакиаданы өткiзуге                 - 52860      Зерде кiтабын және ТМД елдерi бойынша      Ұлы Отан соғысына қатысушы Даңқ орденi      иегерлерiнiң Жинағын шығаруға                   - 1332      ұйымдастыру комитетiн ұстауға                   - 666      1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында      Отанды қорғау кезiнде қаза тапқан      азаматтарды мәңгi есте қалдырудың      мемлекетаралық бағдарламаға үлестiк жарна       - 1000      Кеңестер Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова      мен Мәншүк Мәметованы мәңгi есте қалдыру      жөнiндегi шараларды өткiзуге                    -15000 Бұған қоса 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығына арналған концерттердi, фестивальдарды, конкурстар мен конференцияларды өткiзуге 2000 мың теңге сомасында қаржы көзделген.
Тармақ 32
32. 1995 жылға арналған республикалық бюджеттiң тиiстi бөлiмдерiне министрлiктер мен ұйымдарға төмендегiдей мақсаттарға валюта сатып алу үшiн қаржы көзделгенi ескерiлсiн: Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне - "Болашақ" бағдарламасы бойынша Президент стипендиясын төлеуге және студент спортшылардың Дүниежүзiлiк қысқы және жазғы ойындарға қатысуына; Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне - Әлем және Азия чемпионаттарына және халықаралық iрiктеу жарыстарына қатысуға және Олимпияда ойындарына қатысу үшiн; "Қазақкино" кинокомпаниясына - 2 сериялы "Абай жолы" фильмiн қою үшiн импорттық кинотехниканы сатып алуға; Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне - Абайдың мерейтойын мерекелеуге байланысты дыбыстық және көру құралдарын сатып алуға; Қазақстан Республикасының Урология ғылыми-зерттеу институтына, А.Н.Сызғанов атындағы Қазақстан Республикасының хирургиялық ғылыми орталығына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiне - медициналық жабдықтарды сатып алуға: Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне: 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерi үшiн сыйлықтар алуға; "САТР" республикалық орталығына - ақыл-есi кем балалардың мамандандырылған мекемелерiне жабдықтар алуға; Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне - арнайы жабдықтар сатып алуға; Қазақстан Рсепубликасы Iшкi iстер министрлiгiне - паспорттарды жасайтын жабдықтарды және қылмыспен күрес жөнiндегi басқа да техникалық құралдарды сатып алуға; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне - республика аумағында салық төлеушiлердi есепке алу жөнiндегi механикаландырылған жүйенi енгiзуге; Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне - дипломатиялық паспортар үшiн төлем жасауға. Аталған министрлiктер мен ұйымдар қаражатты жұмсауды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бұрын қабылдаған өкiмдерi мен тапсырмаларына сәйкес қатаң нысаналық мақсатта жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Жергiлiктi әкiмшiлiктердiң кепiлдiк мiндеттемелерi бойынша берiлген сыртқы заемдарды өтеуге байланысты шығыстар оларға қызмет көрсету жөнiндегi проценттерiн ескере отырып, тиiстi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатыны ескерiлсiн.
Тармақ 34
34. Шығыстардың құрамында: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауiпсiздiк комитеттiң Әскери институтын ұстауға 245255 мың теңге сомасында; Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiне ТМД-ның сыртқы шекарасын қорғау үшiн Ресей Федерациясының шекара әскерлерiн мемлекетаралық тасымалдауға 156000 мың теңге сомасында; Қазақстан Республикасының жалпы мақсаттағы Қарулы күштерiне - әскери кемелердi ұстау үшiн 50500 мың теңге сомасында қаражат көзделгенi ескерiлсiн.
Тармақ 35
35. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резервтiк қорының 2524348 мың теңге сомасында, оның iшiнде төтенше жағдайларды қаржыландыру үшiн 1172000 мың теңге мөлшерiнде белгiленгенi ескерiлсiн.
Тармақ 36
36. Республикалық бюджетте 1994 жылғы тиражды өткiзуге және ұтыстарды төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 1992 жылғы Мемлекеттiк iшкi ұтыс заемының халықтың қолындағы қазынашылық бондарын сатып алуға 900000 мың теңге сомасында қаржы көзделiп отырғаны ескерiлсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Халық банкi Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Мемлекеттiк iшкi ұтыс заемының бондарын халықтан сатып алу Тәртiбi туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бiр ай мерзiм iшiнде енгiзсiн.
Тармақ 37
37. Бюджеттiң тапшылық деңгейiн кемiтудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұлттық Банкпен келiсу бойынша мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық вексельдердi аукциондық сатуды жүзеге асырып, оларды сатудан түскен қаражат есебiнен өтейтiн болсын.
Тармақ 38
38. 1995 жылғы 1 сәуiрден бастап Кәсiпкерлiктi қолдау мен бәсекелестiктi дамыту қорының жойылуына байланысты Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi тиiстi министрлiктердiң өкiлдерiн тарту арқылы жою комиссиясын құрсын. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде мүлiктiң құқықтық иегерiн және Кәсiпкерлiктi қолдау мен бәсекелестiктi дамыту қорының қаржылық мiндеттемелерiн анықтау жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 39
39. Республикалық бюджет бойынша 1995 жылдың аяғында - кассалық айналымдағы қолда бар ақша 30000 мың теңге сомасында белгiленсiн.
Тармақ 40
40. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi мен Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде директивалық кредиттердi нысаналы пайдаланбау фактiлерi бойынша тексеру жүргiзсiн, кiнәлi лауазымды адамдарды заңдарда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тарту үшiн материалдарды тергеу органдарына жiберсiн.
Тармақ 41
41. Министрлiктер мен ведомстволар бөлiнген қаражаттың қатаң нысаналы түрде пайдаланылуын қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi мен оның жергiлiктi органдары бөлiнген бюджеттiк қаражаттың нысаналы әрi тиiмдi пайдаланылуына бақылауды күшейтсiн.
Тармақ 42
42. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, бiр ай iшiнде Үкiметке Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi бұрын қабылдаған шешiмдердi осы қаулыға сәйкестендiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 43
43. "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Заң күшi бар Жарлығының қабылдануына байланысты Республикалық бюджет бойынша 1995 жылғы 1 тоқсанындағы шығыстарды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 28 желтоқсандағы N 272 қаулысы күшiн жойғаны ескерiлсiн.
Басқа 44. Қазақстан Республикасының 1995 жылға арналған республикалық бюджетi Кiрiстер
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 18 сәуiрдегi N 507 қаулысына 1 қосымша Қазақстан Республикасының 1995 жылға арналған республикалық бюджетi Кiрiстер
Бөлім i. I бөлiм. Мекемелер және бюджет жөнiндегi (мың теңге) шаралар
I бөлiм. Мекемелер және бюджет жөнiндегi (мың теңге) шаралар 1. Қосылған құнға салынатын салық                  14292500 2. Акциздер                                         2334900 3. Кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен    ұйымдардың пайдасына салынатын салық            15797510 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнен    алынатын түсiмдер, барлығы                       4700000    оның iшiнде Үкiметтiң депозиттерi үшiн    табыстан                                         3900000 5. Бюджет шығыстарын өтеу, барлығы                 24157659    оның iшiнде:    а) өзiндiк айналым қаржысының жетiспеушiлiгiне       берiлген бюджеттiк несиелер мен кредиттердi       процентiмен қалпына келтiру                    800000    б) директивалық кредиттер бойынша сомаларды       қалпына келтiру                               9022449    в) iшкi республикалық есеп нәтижелерi бойынша       сомаларды қалпына келтiру                    14335210 6. Алымдар және салыққа жатпайтын түрлi    кiрiстер, барлығы                               15202500      оның iшiнде:    а) лицензиялар сатудан алынатын түсiм             200000    б) өзге де түсiмдер                              4015000    в) "Байқоңыр" ғарыш айлағы үшiн жалгерлiк       төлем                                         8205000    г) алынған импорттық тауарлар үшiн       қаржының түсуi                                2782500          оның iшiнде:       "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк       компаниясы                                     660000       "Зооветжабдықтау" республикалық бiрлестiгi     615000       "Фармация" мемлекеттiк холдинг компаниясы     1500000       "Медтехника" акционерлiк қоғамы                  7500 7. Кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, ұйымдардың    кiрiсiне салынатын салық                          109176 8. Ренталық (тiркелген) төлемдер                    2818337 9. Жер салығы                                        685430 10.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға    салынатын салық                                   100000 11.1994 жылдың астығын сатудан түсетiн қаражат      9200000 12.Жердi жалдау құқығынан келетiн кiрiстер           150000 13.Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң    сыртқы борышты өтеуi                               80608 14.Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн    түсiмдер                                         11000000
Бөлім i. I бөлiм бойынша Кiрiстер жиынтығы 100628620
I бөлiм бойынша Кiрiстер жиынтығы 100628620
Бөлім ii. II бөлiм. Нысаналы қаржыландыру қорлары
II бөлiм. Нысаналы қаржыландыру қорлары 1. Жер қойнауын қорғау және минералдық шикiзат    базасын ұдайы молайту қоры                        4010112 2. а) Экономиканы қайта құру қоры                    3000000    б) Экономиканы қайта құру қоры қаржысының       қайтарымы                                        15300 3. Жол қоры                                          9845000 4. а) Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi       дамыту қоры                                     100000    б) Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi       дамыту қорына қаржының қайтарымы                 76000 5. Табиғат қорғау қоры                                 98116
Бөлім ii. II бөлiм бойынша Кiрiстер жиынтығы 17144528
II бөлiм бойынша Кiрiстер жиынтығы 17144528
Бөлім iii. III бөлiм. Сыртқы экономикалық қызмет
III бөлiм. Сыртқы экономикалық қызмет 1. Экспортталатын тауарларға салынатын кеден бажы     7099660 2. Импортталатын тауарларға салынатын кеден бажы      1085000 3. Роялти мен бонустардан түсетiн түсiм               3596250 4. Кеден ресiмдеулерi                                  406000 5. Iшкi рынокта ең қажеттi импорттық тауарларды    сатудан түсетiн түсiм                               564300 6. Тiкелей қаржыландыру бойынша қаражаттың    ұлттық валютамен қайтарымы                          674400 7. Телекоммуникация жүйелерiн жаңғыртуға және    кеңейтуге арналған кредиттi өтеуге жергiлiктi    әкiмшiлiктерден түсетiн түсiмдер                    555746 8. Кәсiпорындардың валюта бойынша сыртқы    мiндеттемелерiн өтеумен байланысты бюджет    шығыстарының орнын толтыруы                        2265765 9. Үкiметтiң кепiлдiгi бойынша бюджет шығыстарын    кәсiпорындардың орнын толтыруы                     1000000 10.Сыртқы заем депозиттерi бойынша түсетiн түсiм      1000000
Бөлім iii. III бөлiм бойынша кiрiстер жиынтығы 18247121
III бөлiм бойынша кiрiстер жиынтығы 18247121 Республикалық бюджет бойынша Барлық кiрiстер     136020269 Шығыстар
Бөлім i. I бөлiм. Мекемелер және бюджет бойынша шаралар
I бөлiм. Мекемелер және бюджет бойынша шаралар I. Халық шаруашылығын қаржыландыру                   35358206    Оның iшiнде:    Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi,    қалпына келтiрiлетiн энергия көздерiне            120000         Құрылыс кешенi    Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс    салу министрлiгi,    жобалауға                                          35500    Құрылыс кешенi бойынша жиынтығы                    35500          Агроөнеркәсiп кешенi    Су ресурстары жөнiндегi комитет, операциялық    шығыстарға                                         239804    Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы,    барлығы                                             6127    оның iшiнде помологиялық бау-бақшаға                4300    Ауыл шаруашылығы министрлiгi, барлығы             7333982           оның iшiнде:    операциялық шығындар                              2015642    Ауыл шаруашылығын қаржымен қолдаудың    мемлекеттiк қоры                                  5318340    Қазақстан Республикасының Жер қатынастары    және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк    комитетi, операциялық шығыстар                     300000    Агроөнеркәсiп кешенi бойынша жиынтығы             7879913         Көлiк кешенi және байланыс    Көлiк және коммуникациялар министрлiгi,    барлығы                                           185435         оның iшiнде:    операциялық шығыстар (жол шаруашылығы, кеме    жүретiн шлюздер және кеме қатынасы қауiпсiздiгi    инспекцияларын ұстауға)                           43435    Фельдъегер қызметiн ұстауға                        42000    Почта байланысы мемлекеттiк қызметiнiң    жұмысын iшiнара қаржыландыру                     100000    "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк    компаниясы, селден қорғау шаралары бойынша    операциялық шығыстарға                             41981      Көлiк және байланыс бойынша жиынтығы            227416 Әлеуметтiк кешен Жеңiлдiктер төлеу бойынша шығыстар, барлығы       1240523    Оның iшiнде:    жүрiп-тұру және байланыс қызметi бойынша    жеңiлдiктер беруге, барлығы                       1240523        оның iшiнде:    мүгедек балаларға                                   34385    1 және 2-топтағы мүгедектерге                      102940    ақталған азаматтарға                                18360    ерекше еңбек сiңiргенi үшiн                         53460    Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен    мүгедектерге, барлығы                             1031378    оның iшiнде баспасөзге жеңiлдiкпен жазылуға         63420    жаңа тұрғын үй саясатын iске асыруға, барлығы     3083750      оның iшiнде:    а) мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден ұзақ       мерзiмдi кредит ресурстарына 20%               2200000    б) тұрғын үй алу кезегiнде 10 және одан да       көп жыл  кезекте тұрғандарға дотацияға          102600    в) коммуналдық шаруашылық объектiлерiн салуға      250000    г) әлеуметтiк сала қызметкерлерi үшiн тұрғын       үй салуға                                       531150    "Қазақ КСР-iндегi мемлекеттiк жастар саясаты    туралы" Қазақ КСР Заңын жүзеге асыруға             142800    "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы, барлығы        287576       оның iшiнде:    кинопрокаттау ұйымдарының зиянын өтеуге             40032    ұлттық көркем, дәйектi-деректi балалар    фильмдерiн және мультипликациялық фильмдер    шығаруға                                            18594    "Абай жолы" фильмiн шығаруға және шетел    валютасын сатып алуға                              224950    Ұлы Отан соғысындағы Жеңiс Күнiне арналған    фильм                                                4000    Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi                 11479    Авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi    Қазақ мемлекеттiк агенттiгi (зияндарды өтеуге)        544    Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi,    әлеуметтiк маңызды әдебиет шығаруға байланысты    зиянды жабуға, барлығы                           1 187082    оның iшiнде сатып алуға:                          1062000    Абай кiтаптарын шығаруға                            50000    Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығына    кiтаптар мен плакаттар шығаруға                     33000       Әлеуметтiк кешен бойынша Жиынтығы              5953754          Кешендерге кiрмегендер    Экология және биоресурстар министрлiгi    (операциялық шығыстар)                             893136    Геодезия және картография Бас басқармасы            63639    Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк    материалдық резервтер жөнiндегi комитет, барлығы    43341       оның iшiнде:    операциялық шығыстар                                37741    күрделi жөндеу                                       5600    Әдiлет министрлiгi, баспаны ұстауға,                65446    оның iшiнде қағаз сатып алуға                       52050    Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық    патент ведомствосы, зиянды жабуға                     444    Суда құтқару ерiктi қоғамы, ағымдағы қажетке          821    Кеден бақылау, қазынашылыққа, салық милициясын    ұйымдастыруға және олардың материалдық базасын    нығайтуға жұмсалатын шығындар                      1871720    Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң    материалдық-техникалық базасын дамытуға             35285    Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы    Шаруашылық басқармасы                               131294    Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарма,    операциялық шығыстарға                              304110    Күрделi қаржыны қаржыландыруға кредит ресурстарын    және Қазақстанның Мемлекеттiк Даму банкiнiң    жарғылық қорын толтыруды қоса алғанда               9015300    Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң    1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық    бағдарламасын жүзеге асыруға (II кезең)              85000    Абай кешенiн аяқтауға                               245000    Облыстардың телекоммуникация жүйелерiн жаңғырту    және кеңейту жөнiндегi сыртқы қарызын жабуға    арналған шығыстар                                   624712    Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi    банкiнiң қызметiн қаржыландыруға, барлығы           7000000       оның iшiнде:    өндiрiстi конверсиялауға жұмсалатын шығыстар    есебiнен                                             200000    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң    кредиттерi есебiнен                                 3000000    Конверсиялық кәсiпорындардың тұрғын    үй-коммуналдық объектiлерiн ұстауға жұмсалған    шығыстар                                             762375      Кешендерге кiрмегендер бойынша Жиынтығы           21141623       Әлеуметтiк-мәдени шараларды қаржыландыру,              барлығы                                   22806566      оның iшiнде:    а) бiлiм беру және кадрларды кәсiби даярлау,    барлығы                                              9421965    б) мәдениет пен өнер, барлығы                         900745    в) бұқаралық ақпарат құралдары, барлығы              3783824      Оның iшiнде:    теледидар мен радиохабарларының мемлекеттiк    бағдарламаларын тарату жөнiндегi байланыс    қызметi үшiн                                         2613600    мемлекеттiк телерадиохабарларына берiлген    тапсырыс үшiн төлем жасау                             611344    оның iшiнде Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң    50 жылдығына арналған 5 сериялы телефильмдi    түсiруге байланысты шығыстар                            5500    г) денсаулық сақтау, барлығы                         6088485    д) дене тәрбиесi, барлығы                             654765       оның iшiнде:    Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығына    арналған спартакиаданы өткiзуге байланысты    шығыстар                                               52860    Олимпиадалық ойындарға қатысуға дайындық               200000    е) әлеуметтiк қамсыздандыру, барлығы                  1956782         оның iшiнде:    әлеуметтiк қамсыздандыру  жөнiндегi мекемелердi    ұстау және әлеуметтiк қамсыздандыру шараларын    қаржыландыру                                          106608    санаторийлық-курорттық емдеуге жұмсалған    шығыстар өтiмi, барлығы                               506229    оның iшiнде Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен    қатысушылары                                          409950    бiрлестiктердiң сурдо-, тифлотехникалық құралдарды    сатып алу                                              72500    аймақтық қайырымдылық қорларын құруға                1221383    Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына    валюта қаражаты есебiнен сыйлықтар сатып алу           41812    ақыл-есi кем балалар үшiн валюта қаражаты есебiнен    жабдықтар сатып алу                                     8250        Ғылымды қаржыландыру, барлығы                    2651146      Оның iшiнде:    Ұлттық ғылым академиясы                               655836    Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы           526736        Қорғанысқа кететiн шығыстар, барлығы            18946450         оның iшiнде:    Жалпы мақсаттағы Қарулы Күштер, барлығы             17712184       оның iшiнде әскери соттарға                         50500    Азаматтық қорғаныс штабы                              304400    Республикалық гвардия                                 340801    Әскери-теңiз күштерi                                  589065         Мемлекеттiк өкiмет органдарын, сот және      прокуратура органдарын ұстауға кететiн шығыстар   3736635         Оның iшiнде:    Жоғарғы Кеңес                                        678792    Президент Аппараты                                   586332    Жоғарғы Сот                                           97952    Конституциялық Сот                                    35641    Облыстық және Алматы қалалық соты                    177980    Халық соттары                                        639469    Жоғарғы төрелiк сот                                  129411    Прокуратура                                          1391058        Құқық қорғау органдары қажетiне кететiн        шығыстар, барлығы                               14835979          оның iшiнде:    Iшкi iстер министрлiгi                               8268531    Ұлттық қауiпсiздiк комитетi                          2286187    Шекара әскерлерi                                     2700041    Iшкi әскерлер                                        1566090    Министрлер Кабинетi жанындағы Ақпаратты қорғау    жөнiндегi мемлекеттiк техникалық комиссия              15130         Мемлекеттiк өкiметтiң республикалық және         жергiлiктi атқарушы-өкiмшi органдары мен         мемлекеттiк басқару органдары қажеттерiне         кететiн шығыстар, барлығы                       9546447      Резервтiк қорлар, барлығы                          2524348        оның iшiнде:    төтенше жағдайларды қаржыландыруға                   1172000       Әртүрлi төлемдер, барлығы                         4683800          оның iшiнде:    1994 жылдың астығын сатып алуға                      4000000    мақта себетiн шаруашылықтарға уақытша алынған    қаражатты қайтару                                      70000    1994 жылғы нан мен құрамажем бағасындағы    айырымға өтем                                         613800    Басқа да шығыстар, барлығы                           1135608       Сайлау өткiзуге жұмсалатын шығыстар, барлығы       346003       Мемлекеттiк iшкi борышқа қызмет көрсету       жөнiндегi шығыстар, барлығы                       13046969          оның iшiнде:    заңды тұлғалар арасында орналастырылған Қазақстан    Республикасының 1992 жылғы мемлекеттiк заемы    бойынша проценттердi төлеу                               490    1995 жылғы бюджет тапшылығы үшiн кредитке    проценттер төлеу                                     1500000    мемлекеттiк iшкi борыш бойынша проценттердi    төлеуге байланысты шығыстар                          2100000    республика iшiндегi есептеу бойынша мерзiмдi    вексельдерге қызмет етуге байланысты шығыстарға       424030    директивалық кредиттер бойынша сомалар мен    проценттердi төлеуге                                 9022449      Мемлекетаралық ұйымдарға қызмет көрсету      жөнiндегi шығыстар, барлығы                         319698    оның iшiнде Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50    жылдығын мерекелеуге байланысты шығыстар                3366         Заңдарды iске асыруға, барлығы                  5362346    Арал өңiрiндегi экологиялық апат салдарынан    зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы    209497    Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық    сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды    әлеуметтiк қорғау туралы                             4367219    Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы    785630       Жергiлiктi бюджеттерге субвенция, барлығы        16790756
Бөлім i. I бөлiм бойынша Шығыстар жиынтығы 152090957
I бөлiм бойынша Шығыстар жиынтығы 152090957
Бөлім ii. II бөлiм. Нысаналы қаржыландыру қорлары
II бөлiм. Нысаналы қаржыландыру қорлары Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзат    базасын ұдайы молайту қоры                           3208090    Жол қоры                                             7876000    Табиғат қорғау қоры                                    78493
Бөлім ii. II бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы 11162583
II бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы 11162583
Бөлім iii. III бөлiм. Сыртқы экономикалық қызмет
III бөлiм. Сыртқы экономикалық қызмет Елшiлiктердi, өкiлдiктердi ұстауға және басқа        да  мақсаттарға валюта сатып алу, барлығы       12146178           Оның iшiнде:    а) сыртқы заемдар бойынша проценттер төлеу           6022852    б) сыртқы заемдар бойынша кепiлдiктерге қызмет       етуге байланысты уақытша шығыстар                 1000000    в) инвестициялық, тауарлық кредиттер үшiн аванс       беру                                               764955    г) банктердiң сақтандыру қаржылары мен       комиссиялық алымдарын өтеу                         968730    д) сыртқы экономикалық қызметке кететiн шығыстар     3389642         оның iшiнде:    халықаралық ұйымдарға төленетiн жарналар             1520325    ТМД-ның атқарушы органдарын ұстауға                    14032    жұмыс iстеп тұрған және жаңадан ашылған елшiлiктер    мен өкiлдiктердi ұстауға                             1015425    шетелдiк iссапарға кететiн шығыстар                   150000    Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк экспорт-импорт    банкiсiнiң жарғылық қорына төленетiн жарна            250000    сыртқы борышты өтеуге уақытша тартылған қаржылар    қайтарымы:      "Маңғыстаумұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгi            67425      "Каспийшельф" мемлекеттiк компаниясы                248682    Қазақстан Республикасы шетелдiк сақтандыру    мемлекеттiк "Қазақшетелсақтандыру" компаниясының    жарғылық қорына төленетiн жарна                        75000    үкiметтiк байланыс жөнiндегi шығыстарға               48753
Бөлім iii. III бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы 12146179
III бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы 12146179 Республикалық бюджет бойынша барлық шығыстар     175399719        Артуы (Дефицит -, Профицит+) барлығы           -39379450    Оның iшiнде:    1. Қаржыландырудың сыртқы көздерi есебiнен,       барлығы                                          38287474         Оның iшiнде:    1. Сыртқы заем түсiмдер                             45928496    2. Түзету сомасын шегерiп тастағанда, барлығы      -7641022       оның iшiнде сыртқы заемды өтеуге                -7641022       II. Бағалы қағаздар сату есебiнен, барлығы      - 403000             оның iшiнде:    1. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазыналық       вексельдердi аукционда сатудан қаражаттың       түсуi                                             500000    2. Түзету сомасын шегерiп тастағанда, барлығы       -903000        Оның iшiнде:       а) заңды тұлғалар арасында орналастырылған          Қазақстан Республикасының 1992 жылғы          Мемлекеттiк заемын өтеуге                       -3000       б) Қазақстан Республикасының 1992 жылғы          Мемлекеттiк iшкi ұтыс заемының ұтыстарын          сатып алуға (халықтан)                        -900000        III. Қаржыландырудың iшкi көздерi есебiнен,             барлығы                                    1494975              Оның iшiнде:    1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң       кредит ресурстары                                8625000    2. Iшкi республикалық есеп бойынша негiзгi борыш       сомасының түсуi                                  7681155    3. Түзету сомасын шегерiп тастағанда, барлығы      14811180       Оның iшiнде:    а) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне iшкi       борышты өтеуге                                   -800000    б) айналым қаражатының жеткiлiксiздiгiне       байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық       Банкiнiң кредиттерi бойынша мерзiмi өткен       берешектi өтеуге                                 -100000    в) Iшкi республикалық есеп нәтижелерi бойынша       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң       айналым вексельдерiн өтеуге                     -13911180        Айналымдағы кассалық нақты ақша                    30000
Басқа 57. Журнал мен газет редакцияларының зиянын жабуға республикалық бюджеттен 1995 жылға олардың құрылтайшылары бойынша бөлiнетiн қаржы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 18 сәуiрдегi N 507 қаулысына 2 қосымша Журнал мен газет редакцияларының зиянын жабуға республикалық бюджеттен 1995 жылға олардың құрылтайшылары бойынша бөлiнетiн қаржы мың теңге -------------------------------------------------------------------         Құрылтайшы         | Қаржы    | Газет пен журнал                            |          | редакцияларының атауы ------------------------------------------------------------------ Қазақстан Республикасының    83922     Советы Казахстана (газет) Жоғарғы Кеңесi                         Халық Кеңесi (газет)                                        Жоғарғы Кеңестiң Жаршысы                                        (журнал) Қазақстан Республикасының    256886    Егемендi Қазақстан (газет) Баспасөз және бұқаралық                Казахстанская правда (газет) ақпарат министрлiгi                    Коре ильбо (газет)                                        Экономика и жизнь (журнал)                                        Уйғұр авази (газет)                                        Дойче альгемайне (газет)                                        Азия (газет)                                        Түркiстан (газет)                                        Ана тiлi (газет)                                        Украински новини (газет)                                        Феникс (журнал)                                        Абай (журнал)                                        Ақиқат (журнал)                                        Мысль (журнал) Қазақстан Республикасының     5256     Қаржы-қаражат-Финансы Қаржы министрлiгi                      Казахстана (журнал) Қазақстан Жастар одағы       54748     Экспресс "К" (газет)                                        Жас Алаш (газет) Қазақстан Республикасының    43270     Балдырған (журнал) Жастар iсi, туризм және                Жалын (журнал) спорт министрлiгi                      Ұлан (газет)                                        Дружные ребята (газет)                                        Новое поколение (газет) Қазақстан Республикасының     9788     Здравоохранение Казахстана Денсаулық сақтау министрлiгi            (журнал)                                        Денсаулық (журнал) Қазақстан Республикасының    10296     Русский язык в Казахской Бiлiм министрлiгi                      школе (журнал)                                        Қазақстан мектебi (журнал)                                        Қазақстан мұғалiмi (газет) Қазақстан Республикасының    26686     Жұлдыз (журнал) Жазушылар одағы                        Простор (журнал)                                        Қазақ әдебиетi (газет) Қазақтардың дүниежүзiлiк     14355     Шалқар (газет) қауымдастығы Қазақстан Республикасының    34500     Әдiлет министрлiгiнiң Әдiлет министрлiгi                     Жаршысы (журнал)                                        Халықаралық келiсiмдердiң,                                        уағдаластықтардың және                                        Қазақстан Республикасының                                        жекелеген заң актiлерiнiң                                        бюллетенi                                        Апталық заң газетi ------------------------------------------------------------------- БАРЛЫҒЫ                     539707