О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 мая 1996 г. N 604 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы N 604 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Мұқтаж отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету кезiнде отбасы мүшесiнiң жиынтық табысына есептелетiн табыс түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы N 604 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 21, 185-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: мынадай мазмұндағы 8-тармақшамен толықтырылсын: "8) өзiнiң қосалқы шаруашылығынан алынған кiрiстер (оның iшiнде үй малдары, аулалық учаске, бау-бақша, сая-жайлық учаске)".