О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 августа 1997 г. N 1262 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетудi, жылжымайтын мүлiктi бағалауды лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 37, 359-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 2-тармақтағы "1 қаңтарына дейiн" деген сөздер "1 сәуiрiне дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы "бiр ай мерзiм iшiнде" деген сөздер алынып тасталынсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы ережеде: 1-тармақтағы "мен оның аумақтық органдары" деген сөздер алынып тасталсын. IХ тарау алынып тасталсын.