О внесении изменения в приказ от 15 августа 1998 года N 03-3 ОД Қолданыста
Басқа 0
1998 жылғы 15 тамыздағы N 03-3-ОД бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi төрағасының-Министрдің 1998 жылғы 15 тамыздағы N 03-3-ОД бұйрығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 5 қарашада N 633 нөмiрмен тiркелген Бағалардың мемлекеттiк тәртiбiн бұзғаны үшiн экономикалық санкциялар қолдану жөнiндегi Нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Егер заңды тұлға айыппұлды немесе негiзсiз алынған кiрiстi мемлекеттiк бюджетке аудару туралы шешiм табыс етiлген күннен бастап оны 15 күн мерзiмнiң iшiнде орындамаса, Уәкiлеттi орган осы ақшаны заңда белгiленген тәртiппен ықтиярсыз өндiрiп алу шараларын қабылдауға мiндеттi".
Тармақ 2
2. Заң басқармасы (Е.Г.Машинистова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы (Н.С.Кәкiмов) осы бұйрықты Агенттiктiң аумақтық бөлiмшелерiне жеткiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары С.Ш.Құрманғалиевқа жүктелсiн.