О внесении изменений в приказ от 15 августа 1998 года № 03-1ОД Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1998 жылдың 15 тамыздағы N 03-1 ОД бұйрығына өзгерістер енгізу туралы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы заңының 28 бабын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiнiң Төрағасы - Қазақстан Республикасының Министрiнiң 1998 жылдың 15-шi тамыздағы N 03-1 ОД бұйырығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылдың 5 қарашадағы 639 нөмiрмен тiркелген Табиғи монополия субъектiлерiнiң тендерлiк негiзде материалдық және қаржылық ресурстарды, жабдықтарды және өндiрiстiк қажеттерi үшiн қызметтердi сатып алуы ережелерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 3-шi тармақтың 4-шi азат жолы "қызметтер" деген сөзден кейiн "және сақтандыру компанияларының қызметтерi" сөздерiмен толықтырылсын; 25 тармақ мынадай редакцияда берiлсiн: "25. Отандық әлуеттi жеткiзушiлер (мердiгерлер) және тауар өндiрушiлер, оның iшiнде кiшi кәсiпкерлiктiң субъектiлерi де бар, конкурстық өтiнiштер бергенде басқалай бiрдей жағдайларда өтiнiште аталғаннан тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) аз көлемiн жеткiзу туралы ұсыныстарын енгiзуiне құқылы.".
Тармақ 2
2. Табиғи монополияларды реттеу департаментi (Попандопуло Е.Н.) осы бұйрықтың белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ұйымдық-кадрлар бөлімі (Герасимова Е.Н.) осы бұйрықты аумақтық комитеттерге және Мемлекеттік тізімнің республикалық тарауына енгізілген табиғи монополия субъектілеріне жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары Е.А. Пушкареваға жүктелсін.