О внесении изменений в приказ от 15 августа 1998 года № 03-2 ОД Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1998 жылдың 15 тамыздағы N 03-2 ОД бұйрығына өзгерістер енгiзу туралы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы заңының 28 бабын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің Төрағасы - Қазақстан Республикасының Министрінің 1998 жылдың 15-ші тамыздағы N 03-2 ОД бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылдың 5 қарашадағы 634 нөмірмен тіркелген "Табиғи монополия субъектілерінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіру мен көрсету бағаларын (тарифтерін) есептегенде ескерілетін шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы нұсқаулығына" мынадай өзгерістер енгізілсін: 12-тармағында: бірінші сөйлемнен "тәуелсіз сарапшы" деген сөздер алынып тасталсын; екінші сөйлем мынадай редакцияда берілсін: "Табиғи монополия субъектісі тапсырған техникалық негіздемелерді сараптаудан өткізуге, Өкілетті орган Білікті органды немесе тәуелсіз сарапшыны тартуға құқылы". 15-ші тармақтың 7-ші азат жолы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Табиғи монополияларды реттеу департаменті (Попандопуло Е.Н.) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ұйымдық-кадрлар бөлімі (Герасимова Е.Н.) осы бұйрықты аумақтық комитеттерге және Мемлекеттік тізімнің республикалық тарауына енгізілген табиғи монополия субъектілеріне жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары Е.А.Пушкареваға жүктелсін.