О внесении дополнения в приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 15 июля 1998 года № 324 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 15.07.98 ж. N 324 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 25.08.2000 № 195 бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 шілдедегі N 697 қаулысына сәйкес, отандық мұнай өнімдері нарығында тең бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 шілдедегі N 324 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: Аталған бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасына әкелінетін және өндірілетін бензиннен және дизель отынынан алынатын алымды Жол қорына есептеудің және төлеудің тәртібі мен шарты туралы" Нұсқаулық: Мынадай мазмұндағы он тоғызыншы азатжолмен толықтырылсын: "Алыс-беріс шикізатынан өндірілген бензинді және дизель отынын алғашқы сату кезінде бензиннен және дизель отынынан алынатын алымның сомасы шот фактурасында жеке жолмен көрсетіледі және ҚҚС есептелген кезде есепке алынбайды."
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.