О внесении дополнения в решение акима области от 15 января 1998 года № 8 «Об аккредитации миссионеров» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 1998 жылғы 15 қаңтардағы «Миссионерлерді аккредитациялау туралы» № 8 шешіміне толықтыру енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегі "Миссионерлiк қызметпен айналысатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды аккредитациялау тәртiбi Ереженi бекiту туралы № 1362 қаулысына сәйкес түскен өтiнiштерiн қарай келе, ШЕШIМ қабылдаймын: Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 26 шiлдедегi № 172 және 2000 жылғы 4 желтоқсандағы № 279 шешiмдерiне енгiзiлген толықтырулары ескерiлiп, облыс әкімінің 1998 жылңы 15 қаѕтардағы "Миссионерлердi аккредитациялау туралы" № 8 шешiмiне мынадай толықтыру енгiзiлсiн: Павлодар облысының аумағында миссионерлiк қызметпен айналысуға рұқсат берiле отырып, мыналар миссионерлер құрамына енгiзiлсiн: 1 жыл мерзiмге: Демиденко Дмитрий - "Святой Терезы Младенца Иисуса" Римдiк-католиктiк шiркеуiнiң қызметшiсi, Украина азаматы Ким Гиу - "Благодать" Iнжiлдiк Мәсiхшiлiк Миссионерлiк Орталығы дiни Бiрлестiгiнiң қызметшiсi, Канада азаматы Ким Джиа Сук - "Благодать" Iнжiлдiк Мәсiхшiлiк Миссионерлiк Орталығы дiни Бiрлестiгiнiң қызметшiсi, Канада азаматшасы 5 жыл мерзiмге: Браунштайн Валтер - "Мария помощь христианам" Римдiк-католиктiк шiркеуiнiң брат-монахы, Австрия азаматы Ханнаш Гэри Антон - "Мария помощь христианам" Римдiк-католиктiк шiркеуiнiң брат-монахы, АҚШ азаматы