О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 1999 года N 1713 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi және "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 494-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн, табиғи монополия субъектiлерiнiң және белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн реттеу, баға белгiлеу, бәсекелестiктi, бизнестi (кәсiпкерлiктi), тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды дамыту, тарифтiк саясат саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға уәкiлеттi орталық атқарушы орган болып табылады.";
9-тармақтың 7), 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"7) бәсекелестікті дамытуға, (шағын) кәсiпкерлiктi қолдауға, тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеуге, тарифтiк саясат және табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүйеге асыруға бағытталған орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың iс-қимылын үйлестіру;
9) тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу әрi тарифтiк саясат және табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыру".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.