О внесении дополнений и изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 15 января 1999 года N 3 "Вопросы государственной регистрации юридических лиц" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы N 3 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  7-бабын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы N 3  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 30 маусымдағы  N 52 , 2000 жылғы 11 наурыздағы  N 28 , 2000 жылғы 26 сәуір  N 40 , 2004 жылғы 13 қыркүйектегі  N 265  бұйрықтармен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 667 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: 2-тармақта: бірінші абзацта "Тіркеу қызметі комитетінің" деген сөздерден кейін ", Діни істер комитетінің" деген сөздермен толықтырылсын; үшінші абзацта "қызметiне" деген сөзден кейін ", діни бірлестіктерді қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын; төртінші абзацта "заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейін ", діни бірлестіктерді қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын; бесінші абзацта "дiни басқармаларды (орталықтарды), республиканың екi немесе одан көп облыстарының аумақтарында қызмет ететiн дiни бiрлестiктердi, сонымен бiрге, олармен құрылатын дiни оқу мекемелерiн, монастырларды және өзге бiрлестiктердi;" деген сөздер алып тасталсын. мынадай мазмұндағы 2-нші бөлікпен толықтырылсын: "Діни істер комитеті: Әділет министрлігінің аумақтық органдарының діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты; діни бірлестіктердің және Әділет министрлігінің аумақтық органдарының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелерін реттейтін заңнамалардың талаптарын сақтауын бақылауды; республиканың екі немесе одан көп облыстарының аумақтарында жұмыс істейтін діни басқармаларды (орталықтарды), діни бірлестіктерді, сондай-ақ олар құратын діни мекемелерді, монастырларды және басқа да бірлестіктерді тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркеуді) жүзеге асырады.".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрі