О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 ноября 1999 года N 355 "О минимальных размерах уставного и собственного капиталов страховых и перестраховочных организаций" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық және меншікті капиталының ең аз мөлшері туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы№N 355 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Сақтандыру рыногын дамыта түсу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық және меншікті капиталының ең аз мөлшері туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 355 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2-тармақтың 2-тармақшасының 3-азатжолындағы "басқа да" деген сөздердің алдынан "Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында тіркелген" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3-тармақшамен толықтырылсын: "3) 2001 жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде: 100.000.000 (жүз миллион) теңге - басқа сақтандыру операцияларын жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында тіркелгендерден басқасы.";
Тармақша 2
2) 3-тармақтағы "2-тармақшасында" деген сөздер "2 және 3-тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзім өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдары мен сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.