Об утверждении изменений и дополнений в Правила переучета векселей Национальным Банком Республики Казахстан, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 ноября 1999 года N 395 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн, ережеге өзгерiстер мен толықтырулар және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне (бұдан әрi - Ереже) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. Ереженiң 1-тармағы: мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) уәкiлеттi бөлiмше - Ұлттық Банктiң атынан бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есептеу жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ қайта есептелген вексельдерге байланысты басқа да операцияларды жүзеге асыратын Ұлттық Банктiң бөлiмшесi;"; мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын: "3-2) бiрiншi сыныпты эмитент - Қазақстан Республикасының аумағында вексель шығаратын, қаржылық жағдайы тұрақты және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес бiрiншi сыныпты эмитенттер қатарына жатқызылатын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары.".
Тармақ 2
2. Ереже мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын: "15-1. Ұлттық Банк вексельдердi қайта есептеген кезде банктен вексельге "шығынсыз айналым", "қарсылықсыз" деген ескертпелер немесе Ұлттық Банктiң керi талап ету құқығын жүзеге асыру үшiн акцептемеуде немесе төлем жасамауда оны қарсылық жасаудан босататын ескертпелерге тең кез келген басқа да ескертпелердi енгiзудi талап етуге құқылы.".
Тармақ 3
3. Ереженiң 16-тармағындағы: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) банктiң тиiстi сенiмхаты бар банктiң уәкiлеттi адамы және Ұлттық Банктiң вексельдердi қайта есептеуге жауапты бөлiмшесiнiң қызметкерi (бұдан әрi - жауапты қызметкер) қол қойған, екi дана етiп жасалған вексельдердi қабылдау-өткiзу актiсi және вексельдердiң тiзiлiмi. Вексельдердiң қабылдау-өткiзу актiсi мен тiзiлiмi сондай-ақ электронды жазбада берiледi (осы Ережеге NN 2, 2-1) қосымша)."; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "4) вексельдi пайдаланып тауарға төлем жасау көзделген шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi;"; 5) тармақша алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. Ереженiң 18-тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 5
5. Ереженiң 19-тармағы ", вексельдiң мiндеттi түрде болуға тиiстi деректемелерiнiң тiптi бiреуiнiң болмауына немесе бүлiнуiне әкеп соғатын физикалық (механикалық, химиялық және басқа) ақаулары бар вексель болса, мұндай вексель қайта есептеуге қабылданбайды." деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 6
6. Ереженiң 20 тармағындағы "15" саны "10" санымен ауыстырылсын.
Тармақ 7
7. Ереженiң 21-тармағындағы "Ұлттық Банк органының тиiстi шешiмiнiң көшiрмесiн бередi" деген сөздер "вексельдердiң сараптамадан өткiзiлгенi және вексельдердiң қайта есептеуге қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарламаны бередi (осы Ережеге N 2-2 қосымша)." деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 8
8. Ереженiң 5 және 6-тараулары алынып тасталсын.
Тармақ 9
9. Ереженiң 42-тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 10
10. Ереженiң N 2 қосымшасы осы Өзгерiстер мен толықтырулардың N 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 11
11. Ереже осы Өзгерiстер мен толықтыруларға N 2, 3 қосымшалардың редакциясына сәйкес NN 2-1, 2-2 қосымшалармен толықтырылсын.
Басқа 18. __________________________________________Қазақстан Республикасының            (есеп кеңсесiнiң атауы) Ұлттық Банкiне қайта есептеуге берген вексельдерiнiң қабылдау-өткiзу актiсi
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 109 қаулысымен бекiтiлген өзгерiстер мен толықтыруларға N 1 қосымшаға: "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдердi қайта есептеу ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларға N 2 қосымша __________________________________________Қазақстан Республикасының            (есеп кеңсесiнiң атауы) Ұлттық Банкiне қайта есептеуге берген вексельдерiнiң қабылдау-өткiзу актiсi 200__жылғы "___" __________    Алматы қаласы _________________________________________________________________ N  Вексель.  Вексель.  Вексель  Вексель  Вексель  Вексель бойынша  Авалист     дің        дің      жасау   беруші   сомасы     белгіленген    (егер    сериясы   нөмірі     күні                       төлем мерзімі    болса) __________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________                  Жалпы номиналдық сомасының барлығы:                  Вексель санының барлығы (дана): Құжаттарды өткізді:__________       Құжаттарды қабылдады:____________
Басқа 19. ________________________Қазақстан Республикасының (есеп кеңсесінің атауы) Ұлттық Банкіне қайта есептеуге берген вексельдерінің тізілімі
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 109 қаулысымен бекiтiлген өзгерiстер мен толықтыруларға N 2 қосымшаға: "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдердi қайта есептеу ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларға NN 2-1 қосымша ________________________Қазақстан Республикасының (есеп кеңсесінің атауы) Ұлттық Банкіне қайта есептеуге берген вексельдерінің тізілімі _________________________________________________________________________ N  Вексельдің   Вексель.   Вексель  Вексель   Төлем  1-вексель  2-вексель    сериясы мен   ді жасау   беруші,  сомасы   мерзімі  ұстаушы,   ұстаушы,      нөмірі      күні       оның    (теңге)            оның       оның                             мекен-                    мекен-      мекен-                             жайы                      жайы        жайы __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________       Таблицаның жалғасы _______________________________   3-вексель       4-вексель ұстаушы, оның   ұстаушы, оның  мекен-жайы      мекен-жайы _______________________________ _______________________________
Басқа 20. ХАБАРЛАМА
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 109 қаулысымен бекiтiлген өзгерiстер мен толықтыруларға N 3 қосымшаға: "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң вексельдердi қайта есептеу ережесiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдердi қайта есептеу ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларға NN 2-2 қосымша ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі банктің қайта есептеуге берген вексельдеріне сараптама жүргізу қорытындысы бойынша, NN________________________________________________ вексельдерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта есептеуге қабылдайтынын; NN________________________________________________ вексельдерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта есептеуге қабылдамайтынын хабарлайды. Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта есептеуге қабылдайтын вексельдер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайдасына иноссамент қоюға тиіс. Уәкілетті бөлімшенің директоры