О внесении дополнения в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 15 ноября 2000 года N 87 "Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1330 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1330 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87 қаулысына толықтыру енгізу туралы Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2000 жылғы 15 қарашадағы N 87 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1330 тіркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында 2001 жылғы қаңтарда жарияланған, N 1, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1690 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы N 434 қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2334 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 134 қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2472 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 284 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) мынадай толықтыру енгізілсін: 28-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "Осы Ереженің 26-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацында белгіленген норма қаржылық агенттіктің бағалы қағаздарына қолданылмайды. Осы Ереженің 26-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында белгіленген норма осы эмитенттің меншікті капиталының мөлшерінен инвестициялау мөлшерін шектеу бөлігінде қаржылық агенттіктің облигацияларына қолданылмайды.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.